«Солтүстік Қазақстан» баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Солтүстік Қазақстан» және «Неделя СК» газеттерінің меншік иесі (бұдан әрі «Баспа») Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсыну шарттары туралы хабардар етеді.
Баспа алаңдарын ұсыну Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес және жазбаша өтініш берілген сәтте баспа бекіткен баға прейскуранттары негізінде жүзеге асырылады.
Баспа алаңдары Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну туралы баспамен (газеттің меншік иесімен) жасалған жазбаша шарт негізінде беріледі.
Шарттың нысаны және оған қоса берілетін құжаттар төменде көрсетілген жазбаша өтініш берілген кезде ұсынылады.
Кандидаттың/сенім білдірілген тұлғаның/ Баспа алаңдарын ұсыну туралы Баспа-мен шартқа қол қоюы кандидаттың/сенім білдірілген тұлғаның/ Баспа ұсынатын сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты қызметтерді қабылдауға келісімін білдіреді.
Мұндай шарт жасасу үшін кандидат/сенім білдірілген тұлға/ Баспаға төмендегі мәліметтер көрсетілген жазбаша өтініш береді:
жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, берілген күні мен уақыты;
кандидаттың, жазбаша өтініш беретін сенім білдірілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
жазбаша өтініш беруге тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат: кандидаттың/сенім білдірілген тұлғаның/ жеке куәлігі, уәкілетті мемлекеттік орган берген кандидаттың/сенім білдірілген тұлғаның/ куәлігі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құжат;
жоспарланған баспа алаңының көлемі және оны ұсыну уақыты;
кандидаттың немесе сенім білдірілген тұлғаның қолы.
Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін Баспа жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібіне сәйкес белгілейді.
Бір күнде бірнеше кандидаттан/сенім білдірілген тұлғадан/ өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, Баспа барлық кандидаттардың материалдарын газеттің бір нөмірінде жариялау мүмкіндігін қарастырады немесе Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу туралы ережеде белгіленген тәртіппен жеребе өткізіледі.
Үгіттік баспа материалдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңда және өзге де заңнамалық актілерде көзделген көлемде, дайын күйінде, баспа алаңдарын ұсыну туралы баспамен шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталып, Баспаға ұсынылады.
Үгіттік баспа материалдары жарияланатын күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын Баспаға тапсырылуы тиіс.
Егер Баспа үгіттік баспа материалдарында конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық алауыздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну идеяларының насихатталуын, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құру белгілерін немесе заңнамада көзделген өзге де негіздерді анықтаса, оларды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Баспа алаңдарын ұсыну құны Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға баспа алаңдарын ұсынуға арналған Баспа прейскурантына сәйкес айқындалады және мынаны құрайды:
«Солтүстік Қазақстан» газетінде ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 200 теңге; ҚҚС-сыз 172,41 теңге.
«Неделя СК» газетінде ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 200 теңге; ҚҚС-сыз 172,41 теңге.
Баспа алаңдарын ұсынғаны үшін төлем тиісті сайлау қорынан 100 пайыз алдын ала төлем тәртібімен аударылуға тиіс. Алдын ала төлем Баспа ұсынған шот негізінде жүзеге асырылады.
Өзге мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының барлық талаптары сақталады.
«Солтүстік Қазақстан» баспасы