Сергеевка қаласы город Сергеевка
Шал ақын ауданы әкімінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 03 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, аудандық сайлау комиссиясымен келісу бойынша Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Шал ақын ауданы әкімінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 03 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
- көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
- осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шал ақын ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Шал ақын
ауданының әкімі
|
|
Қ. Омаров
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
|
|
|
Солтүстік Қазақтан облысы
Шал ақын аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
|
Қ. Сәрсенбаев
|
|
2026 жылғы «___» _________
|
|