2026 жылғы 02 маусым сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат (66,7%) – өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 1 кандидат (33,3%) – «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігі тарапынан ұсынылды.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2026 жылғы 07 маусым сағат 18.00-де аяқталады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы