Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтатқанына байланысты 2026 жылғы 28 маусымға Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеру мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Новатор» және «Парыз» газеттерінде жариялансын.

 

 

                Төрағаның орынбасары                                          С.Ережепова

 

 

 

 

 

Сергеевка қ.

№ 16/01

2026 ж. 20 мамыр

 

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
20 мая 2026