Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешімінің жобасы.
Осы шешім жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.
Осымен азаматтарды «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде көпшілік талқылауы үшін Шал ақын ауданы мәслихатының «Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешімінің жобасы орналастырылғаны туралы хабардар етеміз.
Жария талқылау 2026 жылдың 12 мамырдан 28 мамырға дейін өтеді.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылғы 12 мамырда орналастырылған және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2026 жылғы 13 мамырда жарияланған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15823994.
Бөлім басшысы Л. Садвокасова