Жаңаталап ауылында көше жарығын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Жаңажол ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Бұл сенбілік жұмыстар күнде жалғасады.
2025 жылғы 16 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 15 шілдеге дейін (қоса алғанда) 21248 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады
Округында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда: еріген суды ағызу, инертті материалдан қаптар төсеу
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қаптар инертті материалмен толтырылуда және су жолдарының тазалау жұмыстары жүргізулуде
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
5 . Конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар болуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) Жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтініш беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасасу жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Іс жүргізу конкурсына қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын жұмыс орындарының саны) ;
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс, фитосанитарлық және карантиндік талаптар.
Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген)ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалайды, салыстырады.
Тартылатын инвестициялардың ұсынылатын көлемі бойынша екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл және Комиссия мүшелерінің көпшілік даусын жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы 2024 жылғы "10" мамырда шығарылады.
Конкурстық өтінімдер "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ-не 2024 жылғы "8" мамыр сағат 18.00-ден кешіктірмей мына мекен-жай бойынша ұсынылады: инд.151300, СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35, 110 кабинет қолма-қол немесе пошта арқылы.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Шал ақын ауданы әкімінің сайтынан алуға болады. www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn және "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ – тел: 8 (71534) 2-02-30
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсына шығарылған жер учаскелерінің тізімі
|
Лот № |
Жер учаскесінің кадастр нөмірі,, алқаптың №
|
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет баллы)
|
алаңы, га |
Орташа балл бонитеті |
Жалдау мерзімі, жыл |
Сумен қамтамасыздығы |
Ауылшаруашылық мақсаты |
|
|
Юбилейный ауылдық округі |
||||||||
|
1 |
15-228-055 |
Жалпы алаңы Егістік |
200
|
34,1 |
10жыл |
қанағаттанарлық |
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту |
|
|
2 |
15-228-055 |
Жалпы алаңы Егістік
|
60
60 |
34,1 |
10жыл |
қанағаттанарлық |
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту |
|
|
Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы – 260 га, егістік – 260 га, |
||||||||
Конкурс бойынша барлығы: жалпы алаңы: 260 га, егістік – 260 га,
Бүгін, 2024 жылғы 27 наурызда Жаңажол ауылдық округінің әкімі С.А.Естаевтың Жаңажол ауылының тұрғындарымен кезекті жиналысы өтті.
Күн тәртібі: ауылдық округтің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2024 жылға арналған даму жоспарлары туралы.
Бүгін, 2024 жылғы 26 наурызда Жаңажол ауылдық округінің әкімі С.А.Естаевтың Жаңаталап және Кеңес ауылының тұрғындарымен кезекті жиналысы өтті. Күн тәртібі: ауылдық округтің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2024 жылға арналған даму жоспарлары туралы.
2024 жылғы 26 наурызда сағат 11.00-де Жаңажол ауылдық округі әкімінің Жаңаталап ауылының тұрғындарымен, сағат 15.00-де Кеңес ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтеді.
2024 жылғы 27 наурызда сағат 15.00-де Жаңажол ауылдық округі әкімінің Жаңажол ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтеді.