Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі-Стандарт) бекітілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиімді іске асыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше және мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімше сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты болып айқындалсын.
  3. Округ аппаратының әкімі персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі:

Округ аппаратының әкімі қызметкерлерін стандартпен жазбаша таныстырсын;

Стандарттың мәтіні Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округ әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

 

Ауыл округінің әкімі                                                        С.А.Естаев

Дата публикации
09 января 2026