«2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы түсінікхат

Жаңажол ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 7-бабына, 91-бабына сәйкес бекітіледі.

         Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері: Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдары салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлем, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлем

 

  1. Бюджеттің кіріс бөлігін бекіту;

2026 жылға Жаңажол ауылдық округінің бюджетіне түсімнің болжамдық көлемі, салық базасына сәйкес  100 695 мың теңге сомасында анықталды, 2027 жылы – 158 963 мың теңге, 2028 жылы 54 089 мың теңге.

 

 2026 жылға кірістерді бекіту:

 

101 202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» - 3 374 мың теңге;

104 102 «Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық»- 54  мың теңге;

104 302 «Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы»- 2 мың теңге;

104 402 «Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық»-2 630 мың теңге;

105 315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем» - 3 мың теңге.

 

Бюджеттің шығыс бөлігін бекіту;

2026 жылға Жаңажол ауылдық округінің бюджет шығыны 100 695 мың теңге сомасында қарастырылуда, 2027 жылы 158 963 мың теңге, 2028 жылы – 54 089 мың теңге.

         Жоспарланған кезеңге ағымды шығындардың болжамдық көлемі тұтынушылар қызметі санынан есептелінеді.

«Мемлекеттік бюджет ессебімен қаржыланатын азаматтық қызметкерлер, ұйымдар жұмысшылары еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193  қаулысына сәйкес, еңбек ақы төлеу қоры есебі 17 697 теңге базалық  лауазымды еңбекақыны қолданумен жасалған.

         2026 жылға әлеуметтік салық 6 % көлемінде есептелген, әлеуметтік сақтандыру – 5%, зейнетақы қорына аударымды 10% алып тастағанда, медициналық сақтандыру – 3%, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары – 3,5%.

        

 

2026 жылға шығындарды бекіту:

 

124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»- 41 713  мың теңге;

124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»- 1 712 мың теңге;

124 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 420 мың теңге;

124 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»- 300 мың теңге;

124 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»

550 мың теңге;

124 045 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу-56 000 мың тенге.

        

Жаңажол ауылдық округінің әкімі                                          С.Естаев

   

Дата публикации
22 декабря 2025