Ауылдық округінің тұрғындарына медициналық көмекті Жаңажол медициналық пункті, Кеңес медициналық пункті және «Жаңаталап» шаруа қожалығының басшысы Қ.С.Хамзин 2023 жылы салынған жаңа ғимаратта орналасқан Жаңаталап медициналық пункті көрсетеді. Медициналық қызметкерлер саны - 3. Ауыл тұрғындары жыл сайын флюорография, скрининг, медициналық тексерулерді жоспарға сәйкес өтеді. 2023 жылы округ бойынша туу көрсеткіші 7 баланы құрады, 6 адам қайтыс болды.