GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау

2026 жылғы 22 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 21 шілдеге дейін (қоса алғанда) 5-18-29 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

08 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау

2025 жылғы 16 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 15 шілдеге дейін (қоса алғанда) 51829  телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

17 апреля 2024
Су тасқынынан болған залалды өтеу: қалай және қайда жүгіну керек
26 марта 2024
Юбилейный ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу
19 марта 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсын өткізу туралы

  1. Конкурсқа мемлекеттік меншіктегі, жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы қойылады.
  2. Конкурсқа қатысуға ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.
  3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 16" сәуірден бастап 2024 жылғы "8"мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
  4. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
  5. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

5 . Конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) Жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтініш беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасасу жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Іс жүргізу конкурсына қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын жұмыс орындарының саны) ;

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс, фитосанитарлық және карантиндік талаптар.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген)ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау.

  1. Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауға тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс" және: 2024 жылғы 10 мамыр сағат 10:00 минутке дейін ашпаңыз" (нақты күні көрсетіледі) деген жазу көрсетіледі.
  4. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға тиіс.
  5. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
  6. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

  1. Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тартылатын инвестициялардың ұсынылатын көлемі бойынша екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл және Комиссия мүшелерінің көпшілік даусын жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы 2024 жылғы "10" мамырда  шығарылады.

Конкурстық өтінімдер "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ-не 2024 жылғы "8" мамыр сағат 18.00-ден кешіктірмей мына мекен-жай бойынша ұсынылады: инд.151300, СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35, 110 кабинет қолма-қол немесе пошта арқылы.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Шал ақын ауданы әкімінің сайтынан алуға болады. www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn және "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ – тел: 8 (71534) 2-02-30

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсына шығарылған жер учаскелерінің тізімі

 

 

 

Лот №

Жер учаскесінің кадастр нөмірі,, алқаптың №

 

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

(алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет баллы)

 

алаңы, га

Орташа балл бонитеті

Жалдау мерзімі, жыл

Сумен қамтамасыздығы

Ауылшаруашылық мақсаты

Юбилейный ауылдық округі

 

1

15-228-055

Жалпы алаңы

Егістік

    200

 

34,1

10жыл

қанағаттанарлық

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту

2

15-228-055

Жалпы алаңы

Егістік

 

60

 

60

34,1

10жыл

қанағаттанарлық

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту

Округ бойынша барлығы: жалпы алаңы – 260 га, егістік – 260 га,

                 

 

Конкурс бойынша барлығы: жалпы алаңы: 260 га, егістік – 260 га,

 

 

 

 

 

 

23 февраля 2024
Өңірде "Қызылжар жастары"жастар ипотекалық бағдарламасы іске қосылуда

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Гурмухамбетов халықпен кездесуде өңірде "Қызылжар жастары" жастар ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, бағдарлама 35 жасқа дейінгі солтүстік қазақстандықтарға арналған.

- "Қызылжар жастары"өңірлік жастар ипотекалық бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Біз қаражаттың жартысын жергілікті бюджеттен бөлеміз, - деді Г.Нұрмұхамбетов.

Әлеуметтік салада, құқық қорғау органдарында, энергетика саласында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған бағдарлама 2022 жылы әзірленді және 2023 жылы іске қосылуы тиіс.

Жоспар бойынша, Петропавлда жыл соңына дейін 20 көпқабатты үй салынады, оның ішінде жалға берілетін-коммуналдық үй.

21 февраля 2024
Азаматтарды қабылдау бірыңғай күні
Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары! 
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Сергеевка қаласында, Құлеке батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 1 қабатында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді. Өз сұрақтарыңызбен аудан әкімі Р. Н.Смағұловқа, прокурор Н. Б. Қожановқа, полиция бөлімінің бастығы Р.Н. Мұхамбетжановқа жүгіне аласыз.
Жеке қабылдауды аудан әкімдігінің барлық бөлімдерінің, АЭЖ, «Қазпошта», ветеринариялық инспекция, ветеринариялық станция, СЭС, ЖК «Бочаров», орталық аудандық аурухананың директоры, №6 өрт сөндіру және ТЖ бөлімінің бастығы, Орман шаруашылығы, ЗТМО, «Қазақтелеком», аудандық мәслихаттың төрағасы - К. А. Жанғожинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы-  Т.С. Оразалин, Қоғамдық кеңестің төрағасы – Х.А. Найманов, «AMANAT» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары -Е. П. Кузичева, Сергеевка қ. әкімнің м. а. - Е. М. Ғабдуллин және жолдарға қызмет көрсету мамандары жүргізеді. 
Сұрақтар бойынша 2-12-43 нөміріне хабарласуға болады
20 февраля 2024
Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды

Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.

Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.

Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.

Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.

Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.

Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы