«2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы түсінікхат

«2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы

Юбилейный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау

қажеттілігі туралы

түсінікхат

 

 

Юбилейный ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің        7-бабына, 91-бабына сәйкес бекітіледі.

          Юбилейный ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері: жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдары салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлем, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы.

  1. Бюджеттің кіріс бөлігін бекіту;

Қолданыстағы салық базасы бойынша 2026 жылға түсімдердің болжамды көлемі – 19 658 мың теңге, 2027 жылға – 19 658 мың теңге, 2028 жылға –                  19 658 мың теңге сомасында айқындалған.

 

 Сонын ішінде:

Санат

 

 

2026ж жоспар

 

сынып

 

Атауы

 

 

Ішкі сынып

 

 

 

 

 

Ерекшеліктер

 

 

Юбилейный ауылдық округінің бюджеті

19 658

101202

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС

12 262

104102

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

243

104302

жер елді мекендердің жерлеріне заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден алынатын салық

343

104401

Заңды тұлғалармен көлік құралдарына салынатын салық.

1 182

104402

Жеке тұлғалардан  көлік құралдарына салынатын салық

4 953

105315

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

675

 

Аудандық бюджеттен Юбилейный ауылдық округінің бюджетіне 2026 жылға берілетін бюджеттік субвенциялар 2 920 мың теңге сомасында белгіленсін.

 

Аудандық бюджеттен Юбилейный ауылдық округінің бюджетіне 2026 жылға арналған аудандық трансферттер 19 073 мың теңге сомасында аударылды.

 

Аудандық бюджеттен 2026 жылға арналған Юбилейный ауылдық округінің бюджетіне ОБ, РБ және ҰФ трансферттерінен КТ 142 531 мың теңге сомасында аударылды.

 

  1. Бюджеттің шығыс бөлігін бекіту;

     

          2026 жылға Юбилейный ауылдық округінің бюджет шығыны 184 182 мың теңге сомасында қарастырылуда, 2027 жылы 96 737 мың теңге,                          2028 жылы – 98 737 мың теңге.

Жоспарланған кезеңге ағымды шығындардың болжамдық көлемі тұтынушылар қызметі санынан есептелінеді.

«Мемлекеттік бюджет ессебімен қаржыланатын азаматтық қызметкерлер, ұйымдар жұмысшылары еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193  қаулысына сәйкес, еңбек ақы төлеу қоры есебі 17 697 теңге базалық  лауазымды еңбекақыны қолданумен жасалған.

          2026 жылға әлеуметтік салық 6 % көлемінде есептелген, әлеуметтік сақтандыру – 5%, зейнетақы қорына аударымды 10% алып тастағанда, медициналық сақтандыру – 3%, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары – 3,5%.

 

2026 жылға шығындарды бекіту:

 

124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»- 42 602 мың теңге;

124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»- 2 310 мың теңге;

124 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету»- 420 мың теңге;

124 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»- 300 мың теңге;

124 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»- 550 мың теңге. 

124 045 «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу»- 138 000 мың теңге

 

         

Юбилейый ауылдық округінің әкімі                                        Р.Ибраев

 

 

         

Дата публикации
22 декабря 2025