2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2026-2028 жылдарға арналған

Шал ақын ауданы

Юбилейный ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7, 91-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Құқықытық актілер туралы» Заңының 2 тармағы 27 -бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 184 182 мың теңге:

салықтық түсімдер – 19 658 мың теңге;

салықтық  емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 164 524 мың теңге;

2) шығындар – 184 182 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.»;

  1. 2026 жылға арналған Юбилейный ауылдық округінің бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 7 тармағы 168-бабына сәйкес, келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

2) Юбилейный ауылдық округінің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

3) Юбилейный ауылдық округінің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

4) мыналардан:

тұрғылықты жері Юбилейный ауылдық округінің аумағындағы жеке тұлғалардан;

          өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері Юбилейный ауылдық округінің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;

5) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысынан.

  1. 2026 жылға арналған Юбилейный ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция 2 920 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. 2026 жылға арналған Юбилейный ауылдық округінің бюджетіне республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді бөлу «2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының Юбилейный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы»  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы                            

       Шал ақын ауданы

  мәслихатының төрағасы                                                             Қ. Жанғожинов

Дата публикации
22 декабря 2025