СҚО Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты КММ 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

СҚО Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты КММ 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

 

"Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  • Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату
  • Жер учаскесін алуға кезекке қою.

2023 жылы барлығы 18 қызмет көрсетілді. 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Жер қатынастары саласындағы қызметтер халық арасында ең танымал болып қала береді.

Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд орналасқан, онда мемлекеттік қызметтер стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған. Мамандар кабинетінде "Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы"бұрышы рәсімделді. Жеке үстелде компьютер, принтер орналасқан, электрондық мемлекеттік қызметтер үшін тіркеу журналы, халықтың ұсыныстары, ескертулері мен жауаптары үшін жәшік бар. Ауыл тұрғындарының электрондық қызметтерді алуына қол жеткізу үшін әкімдік фойесінде eqoldau өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы орнатылған. ЖАО кейбір қызметтерді eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы проактивті форматта көрсетеді. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы 198 қызмет көрсетілді. 2023 жылы "цифрлық сауаттылық"жоғары сынып оқушыларына 12 оқыту өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы округ тұрғындарына барлығы 600 брошюра табыс етіліп, 18 іс-шара өткізілді.

Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттандыру мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты стендте, СҚО Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің ресми сайтында және Юбилейный ауылдық округі әкімі аппаратының "Facebook" бетінде орналастырды, сондай-ақ тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жария іс-шаралар өткізеді көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат мақалалар, бейне-роликтер, буклеттер түрінде жарияланады.

Дата публикации
12 апреля 2024