GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
мемелекеттік қызметтер
15 июня 2026
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау.

2026 жылғы 22 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 21 шілдеге дейін (қоса алғанда) 25333 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

бюджет
29 мая 2026
2026 жылы салықтық шегерімдерді қолдану туралы

Құрметті салық төлеушілер!

Шал ақын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан мәлімет үшін.

2026 жылы салықтық шегерімдерді қолдану туралы

2026 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың жеке табыс салығы (ЖТС) сомасын азайтуға мүмкіндік беретін жаңартылған салықтық шегерімдер жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған шара жұмыс істейтін халықты қолдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша салық салу объектісін анықтау кезінде бірқатар салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы.

Салықтық шегерімдердің түрлері

1. Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;
2. Базалық салықтық шегерім;
3. Әлеуметтік салықтық шегерімдер.

Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім

Аталған шегерім түріне мыналар жатады:

- міндетті зейнетақы жарналары;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың табысынан ұсталатын әлеуметтік аударымдар.

Базалық салықтық шегерім

Базалық салықтық шегерім әр ай үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 30 еселенген мөлшеріндегі тіркелген соманы құрайды.

Бұл ретте жылдық шегерім мөлшері 360 АЕК-тен аспауға тиіс.

Әлеуметтік салықтық шегерімдер

Әлеуметтік салықтық шегерімдер азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

- жылына 5 000 АЕК — I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- жылына 882 АЕК — III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғаларға, жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне, сондай-ақ соғыс жылдарындағы еңбегі мен қызметі үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған тұлғаларға;
- жылына 882 АЕК — мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына, қорғаншыларына, қамқоршыларына, асырап алушылары мен қабылдаушы ата-аналарына белгіленген жас және қамқоршылық мерзімі шегінде.

Шектеулер

Әлеуметтік салықтық шегерімдер:

- білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының қамқоршылық пен қорғаншылықты қажет ететін тұлғалардың қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын қызметкерлеріне еңбек қатынастарына байланысты;
- асырап алынған баланың ата-анасымен некеге тұрған тұлғаларға қолданылмайды.

Әлеуметтік салықтық шегерімдер оларды ұсынуға негіз туындаған күнтізбелік жылы қолданылады.

Шегерімдерді қолдану тәртібі

Салықтық шегерімдер:

- салық агенті (жұмыс беруші) арқылы;
- егер шегерімдер салық агентімен қолданылмаған жағдайда, жеке тұлғаның өз бетінше қолдануы арқылы жүзеге асырылады.

Шал ақын ауданы бойынша МКБ салықтық шегерімдерді қолдану растайтын құжаттар болған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіп сақталған жағдайда ғана мүмкін екенін еске салады.

08 июля 2025
анонс

2025 жылғы 16 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 15 шілдеге дейін (қоса алғанда) 25333 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

05 июня 2025
«Еңбек жолы» - 2025 конкурсы

«Еңбек жолы» - 2025 конкурсы

 

2025 жылғы 02 маусым мен 18 шілде аралығында «Еңбек жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастайды.

Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады.

Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу.

Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды. 

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.

  • «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
  • «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» - кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.
  • «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес «Еңбек жолы» облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды «Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Депаратменті» РММ-не (Петропавл қ., Абай к., 64) 2024 жылғы 18 шілде күні дейінгі мерзімде  қолма-қол ұсыну қажет. 

Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

 

 

21 февраля 2024
Азаматтарды қабылдау бірыңғай күні

Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Сергеевка қаласында, Құлеке батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 1 қабатында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді. Өз сұрақтарыңызбен аудан әкімі Р. Н.Смағұловқа, прокурор Н. Б. Қожановқа, полиция бөлімінің бастығы Р.Н. Мұхамбетжановқа жүгіне аласыз.
Жеке қабылдауды аудан әкімдігінің барлық бөлімдерінің, АЭЖ, «Қазпошта», ветеринариялық инспекция, ветеринариялық станция, СЭС, ЖК «Бочаров», орталық аудандық аурухананың директоры, №6 өрт сөндіру және ТЖ бөлімінің бастығы, Орман шаруашылығы, ЗТМО, «Қазақтелеком», аудандық мәслихаттың төрағасы - К. А. Жанғожинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы-  Т.С. Оразалин, Қоғамдық кеңестің төрағасы – Х.А. Найманов, «AMANAT» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары -Е. П. Кузичева, Сергеевка қ. әкімнің м. а. - Е. М. Ғабдуллин және жолдарға қызмет көрсету мамандары жүргізеді.
Сұрақтар бойынша 2-12-43 нөміріне хабарласуға болады.

20 февраля 2024
Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды

Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды

Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.

Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.

Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.

Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.

Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.

Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы