"Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметтердің 3 түрі көрсетіледі:
2025 жылдың 3 тоқсанында барлығы 34 қызмет көрсетілді. 2025 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Жер қатынастары саласындағы қызметтер халық арасында ең танымал болып қала береді. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд орналасқан, онда мемлекеттік қызметтер стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған. 2025 жылдың 3 тоқсанында АРМ ЕГКН 34 қызмет көрсетілді. 2025 жылдың 3 тоқсанында "Цифрлық сауаттылық" жоғары сынып оқушыларына 150 оқыту өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың 2 тоқсанында округ тұрғындарына 450 брошюра табысталды.
Сергеевка қаласы әкімінің аппараты көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттандыру мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты стендте, СҚО Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы әкімінің ресми сайтында және Сергеевка қаласы әкімі аппаратының "Facebook" бетінде орналастырды.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда