
Сергеевка қаласының аумағында 2 орта мектеп және 1 гимназия, 2 "Айналайын, Тамшы" шағын орталығы, "Бөбек" балабақшасы жұмыс істейді. Білім беру жүйесінде барлығы 172 педагог жұмыс істейді, оның ішінде: мастер-1, жоғары білімі бар – 143, арнайы орта білімі бар - 29, мынадай санаттарға ие: педагог – сарапшылар - 36, модераторлар – 49, зерттеуші – 27, жоғары санат-1, бірінші санат – 4, екінші санат-5, санатсыз – 36. 2023-2024 оқу жылында 1-11 сынып оқушыларының саны 1404 оқушыны құрайды, "Тамшы" шағын орталығында 4 топ (82 бала), "Бөбек" балабақшасында 4 топ (94 бала), "Айналайын" шағын орталығында 2 топ (25 бала), тегін ыстық 1-4 сынып оқушылары - 323 оқушы тамақпен қамтылды.