2026 жылғы 22 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 21 шілдеге дейін (қоса алғанда) 21248 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Құрметті салық төлеушілер!
Шал ақын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан мәлімет үшін.
2026 жылы салықтық шегерімдерді қолдану туралы
2026 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың жеке табыс салығы (ЖТС) сомасын азайтуға мүмкіндік беретін жаңартылған салықтық шегерімдер жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған шара жұмыс істейтін халықты қолдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.
Салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша салық салу объектісін анықтау кезінде бірқатар салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы.
Салықтық шегерімдердің түрлері
1. Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;
2. Базалық салықтық шегерім;
3. Әлеуметтік салықтық шегерімдер.
Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім
Аталған шегерім түріне мыналар жатады:
- міндетті зейнетақы жарналары;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың табысынан ұсталатын әлеуметтік аударымдар.
Базалық салықтық шегерім
Базалық салықтық шегерім әр ай үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 30 еселенген мөлшеріндегі тіркелген соманы құрайды.
Бұл ретте жылдық шегерім мөлшері 360 АЕК-тен аспауға тиіс.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер
Әлеуметтік салықтық шегерімдер азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
- жылына 5 000 АЕК — I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- жылына 882 АЕК — III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғаларға, жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне, сондай-ақ соғыс жылдарындағы еңбегі мен қызметі үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған тұлғаларға;
- жылына 882 АЕК — мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына, қорғаншыларына, қамқоршыларына, асырап алушылары мен қабылдаушы ата-аналарына белгіленген жас және қамқоршылық мерзімі шегінде.
Шектеулер
Әлеуметтік салықтық шегерімдер:
- білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының қамқоршылық пен қорғаншылықты қажет ететін тұлғалардың қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын қызметкерлеріне еңбек қатынастарына байланысты;
- асырап алынған баланың ата-анасымен некеге тұрған тұлғаларға қолданылмайды.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер оларды ұсынуға негіз туындаған күнтізбелік жылы қолданылады.
Шегерімдерді қолдану тәртібі
Салықтық шегерімдер:
- салық агенті (жұмыс беруші) арқылы;
- егер шегерімдер салық агентімен қолданылмаған жағдайда, жеке тұлғаның өз бетінше қолдануы арқылы жүзеге асырылады.
Шал ақын ауданы бойынша МКБ салықтық шегерімдерді қолдану растайтын құжаттар болған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіп сақталған жағдайда ғана мүмкін екенін еске салады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдерге қатысты салық міндеттемелерін жеңілдету енгізіледі.
Не өзгереді:
1️. Өткен жылдар бойынша тексерулер азаяды
• камеральды тексерулер (есептілікті автоматты бақылау) жүргізілмейді;
• сол кезеңдерге салықтық тексерулер тағайындалмайды.
Шектеулер:
Шаралар келесі жағдайларға қолданылмайды:
• 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған есептілік (соның ішінде 4-тоқсан және 2025 жылдың II жартыжылдық есептері);
• бейрезиденттермен байланысты міндеттемелер;
• қылмыстық істер және прокуратура талаптары;
• кәсіпкерлердің өз арыздары бойынша тексерулер.
2️. Сотқа жүгіну тоқтатылады
• 2026 жылға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді;
• 2026 жылға дейін жүргізілген бизнес тіркелімін немесе қайта тіркелімін жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді.
3️. Қарапайым тәртіппен тарату
2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша қызметті тоқтату камеральды бақылаусыз жүргізіледі.
4️. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.
Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:
- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар;
- бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.
Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.
5️. Әкімшілік жауапкершілік
Микро және шағын бизнес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:
• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі айналымдар бойынша міндетті ҚҚС тіркеу талаптарын орындамағаны үшін;
• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдер бойынша салық есептілігін тапсырмағаны үшін.
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1134101?lang=ru
Семіпол ауылдық округінің Ступинка ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталуға жақын, оның демеушісі әрі құрылыс жүргізушісі – «Алтын Астық KZ» ЖШС.
2025 жылғы 16 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 15 шілдеге дейін (қоса алғанда) 2-32-68 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
16 июля 2025 года КГУ «Аппарат акима Семипольского сельского округа района Шал акына Северо-Казахстанской области» проводится публичное обсуждение результатов внутреннего анализа коррупционных рисков.
Все заинтересованные лица могут принять участие в обсуждении.
По вопросам участия в обсуждении можно обращаться до 15 июля (включительно) 2025 года по номеру телефона 2-32-68.
«Еңбек жолы» - 2025 конкурсы
2025 жылғы 02 маусым мен 18 шілде аралығында «Еңбек жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастайды.
Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады.
Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу.
Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес «Еңбек жолы» облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды «Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Депаратменті» РММ-не (Петропавл қ., Абай к., 64) 2024 жылғы 18 шілде күні дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет.
Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.