2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі.

СҚО Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің 2024 жылғы 11 айдағы мемлекеттік қызметтер бойынша қызметі туралы.

 

        "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

          "СҚО Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж.өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату
  5. Жер учаскесін алуға кезекке қою.

         2024 жылдың 11 айында барлығы 7 қызмет көрсетілді. 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

        Жер қатынастары саласындағы қызметтер халық арасында ең танымал болып қала береді.

       Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд орналасқан, онда мемлекеттік қызметтер стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған. Мамандар кабинетінде "Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы"бұрышы рәсімделді. Жеке үстелде компьютер, принтер орналасқан, электрондық мемлекеттік қызметтер үшін тіркеу журналы, халықтың ұсыныстары, ескертулері мен жауаптары үшін жәшік бар. Ауыл тұрғындарының электрондық қызметтерді алуына қол жеткізу үшін әкімдік фойесінде eqoldau өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы орнатылған. ЖАО кейбір қызметтерді eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы проактивті форматта көрсетеді. 2024 жылдың 11 айында өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы 173 қызмет көрсетілді. "Цифрлық сауаттылық" жоғары сынып оқушыларына 12 оқыту өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 11 айында округ тұрғындарына 220 брошюра табыс етіліп, 18 іс-шара өткізілді.

       Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттандыру мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты стендте, СҚО Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің ресми сайтында және Семипол ауылдық округі әкімі аппаратының "Facebook" бетінде орналастырды, сондай-ақ тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жария іс-шаралар өткізеді көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат мақалалар, бейне-роликтер, буклеттер түрінде жарияланады.

         Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда.

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі.
Дата публикации
15 января 2025