2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2025-2027 жылдарға арналған

Шал ақын ауданы  Семипол ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:    

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде                       2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 300 023 мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 674 мың теңге;

салықтық  емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 292 349  мың теңге;

2) шығындар – 300 023  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Семипол ауылдық округінің бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 52-1-бабына сәйкес, келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

2) Семипол ауылдық округінің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

3) Семипол ауылдық округінің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

4) мыналардан:

тұрғылықты жері Семипол ауылдық округінің аумағындағы жеке тұлғалардан;

          өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері Семипол  ауылдық округінің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан.

  1. 2025 жылға арналған Семипол ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция 271 332 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. 2025 жылға арналған Семипол ауылдық округінің бюджетіне республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді бөлу «2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының Семипол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы»                        Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.

          5. Осы  шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
27 декабря 2024