«2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы түсінікхат (желтоқсан)

«2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы

түсінікхат

(желтоқсан)

 

 

2025 жылға арналған  Семипол  ауылдық округі бюджетін бекіту Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-1-бабы, 75-бабына сәйкес жасалады.

Семипол ауылдық округі бюджетін бекіту көздері болып табылатындар:

 

  1. Бюджеттің кіріс бөлігін бекіту;

2025 жылға Семипол  ауылдық округінің бюджетіне түсімнің болжамдық көлемі,  салық базасына сәйкес  –300 023 мың теңге, 2026 жылы –              37 691  мың теңге, 2027 жылы –37 691 мың теңге.

 

 

Кірістерді бекіту:

101 202 «Жеке табыс салығы»- 407,0 мың теңге

104 102 «Мүлiкке салынатын салықтар»- 157,0 мың теңге

104 302 «Жер салығы»-215,0 мың теңге

104 401 «Заңды тұлғалар үшін көлік салығы»-210,0 мың теңге

104 402«Жеке тұлғалар үшін көлік салығы»-3 145,0 мың теңге

104 501 «Бірыңғай жер салығы» -3 532,0 мың теңге

105 315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем»- 8,0 мың теңге

 

 

 

  1. Бюджеттің шығыс бөлігін бекіту;

2025 жылға Семипол ауылдық округінің бюджет шығыны 300 023 мың теңге сомасында қарастырылуда, 2026 жылы  37 691 мың теңге, 2027  жылы             – 37 691 мың теңге.

          Жоспарланған кезеңге ағымды шығындардың болжамдық көлемі тұтынушылар қызметі санынан есептелінеді.

«Мемлекеттік бюджет ессебімен қаржыланатын азаматтық қызметкерлер, ұйымдар жұмысшылары еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193  қаулысына сәйкес, еңбек ақы төлеу қоры есебі 17 697 теңге базалық  лауазымды еңбекақыны қолданумен жасалған.

          2025 жылға әлеуметтік салық 6% көлемінде есептелген, әлеуметтік сақтандыру – 5%, зейнетақы қорына аударымды 10% алып тастағанда, медициналық сақтандыру – 3%, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары-2,5%.

         

 

 

 

2025 жылға шығындарды бекіту:

 

124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»- 35 091 мың теңге;

124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»-1 700 мың теңге;

124 009 «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету»-400 мың теңге;

124 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»-500 мың теңге;

124 057 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру»-262 332 мың теңге;

 

 

 

 

         

Семипол ауылдық округінің әкімі                               Р.М.Есқұлов

 

«2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы түсінікхат (желтоқсан)
Дата публикации
27 декабря 2024