2026 жылғы 22 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 21 шілдеге дейін (қоса алғанда) 29132 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Шал ақын ауданының этномәдени бірлестіктері жетекшілерінің, Ақсақалдар Кеңесі мен Аналар Кеңесінің
ҮНДЕУІ
Құрметті шалақындықтар!
1 мамыр- біздің қоғамды біріктіретін маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні.
Еліміздің әрбір азаматы үшін бұл мереке - Отанға деген сүйіспеншіліктің символы, ұрпақтар сабақтастығының, шынайы патриотизмнің бейнесі болып табылады. Биылғы жылы Қазақстан халқының бірлігі күні үлкен маңызға ие болуда.
Биыл біз бұрын-соңды болмаған су тасқынына тап болдық. Дәл осы қиын күндерде біздің құтқарушылар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, жастар, қарапайым азаматтар халқымыздың бір екенін көрсете білді.
Солтүстік Қазақстан облысы табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңірлердің қатарында болды. Су тасқынының салдары өте жойқын. Өңірде апат салдарын жою жұмыстары басталды.
Бірақ алда әлі көп жұмыс бар. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгін елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық науқаны өтуде. Бұл бір реттік акция емес. Таза қала, таза ауыл, таза дала бізден басталатынын түсіну керек.
Қымбатты жерлестер! Біз сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнін осылай өткізуге шақырамыз: еңбекте және өзара қолдауда. Елімізді, өңірімізді, қаламызды жақсартайық! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Гурмухамбетов халықпен кездесуде өңірде "Қызылжар жастары" жастар ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, бағдарлама 35 жасқа дейінгі солтүстік қазақстандықтарға арналған.
- "Қызылжар жастары"өңірлік жастар ипотекалық бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Біз қаражаттың жартысын жергілікті бюджеттен бөлеміз, - деді Г.Нұрмұхамбетов.
Әлеуметтік салада, құқық қорғау органдарында, энергетика саласында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған бағдарлама 2022 жылы әзірленді және 2023 жылы іске қосылуы тиіс.
Жоспар бойынша, Петропавлда жыл соңына дейін 20 көпқабатты үй салынады, оның ішінде жалға берілетін-коммуналдық үй.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Осыған байланысты , үшінші кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың (ЖШС), ЖК және олардың жұбайларының басшылары мен құрылтайшылары (қатысушы-пайшылар) ұсынады. Осыған байланысты декларациялаудың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларынан активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруды сұраймыз (250.00-нысан). Барлық сұрақтар бойынша Шал ақын,Сергеевка, желтоқсан, 15 үй, тел. 2-17-51, каб.7 немесе тұрғылықты жері бойынша әкім аппаратына, сондай-ақ тікелей сіз қатысушы болып табылатын ЖШС-ге
Приишим ауылдық округінде су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда
Құрметті отандастар!
Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.
Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.
Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.
Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.
Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.
Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес.
Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.
Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.
Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.
Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.
Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Сергеевка қаласында, Құлеке батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 1 қабатында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді. Өз сұрақтарыңызбен аудан әкімі Р. Н.Смағұловқа, прокурор Н. Б. Қожановқа, полиция бөлімінің бастығы Р.Н. Мұхамбетжановқа жүгіне аласыз.
Жеке қабылдауды аудан әкімдігінің барлық бөлімдерінің, АЭЖ, «Қазпошта», ветеринариялық инспекция, ветеринариялық станция, СЭС, ЖК «Бочаров», орталық аудандық аурухананың директоры, №6 өрт сөндіру және ТЖ бөлімінің бастығы, Орман шаруашылығы, ЗТМО, «Қазақтелеком», аудандық мәслихаттың төрағасы - К. А. Жанғожинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы- Т.С. Оразалин, Қоғамдық кеңестің төрағасы – Х.А. Найманов, «AMANAT» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары -Е. П. Кузичева, Сергеевка қ. әкімнің м. а. - Е. М. Ғабдуллин және жолдарға қызмет көрсету мамандары жүргізеді.
Сұрақтар бойынша 2-12-43 нөміріне хабарласуға болады
Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.
Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.
Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.
Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.