Городецк ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы 9 айдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі баяндамасы
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі:
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату
5. Жер учаскесін алуға кезекке қою.
2023 жылдың 9 айында Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің аппаратымен 7 қызмет көрсетілді-елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
Электрондық қызметтерді танымал ету бөлігінде Городецк ауылдық округі әкімінің аппаратында ауыл тұрғындарының электрондық қызметтерді алуына қол жеткізу үшін бір "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы жұмыс істейді. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы 64 қызмет көрсетілді.
2023 жылдың 9 айында жоғары сынып оқушылары мен халықты "цифрлық сауаттылыққа"2 оқыту өткізілді.
Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат тұрақты негізде жарияланады, сонымен қатар ақпараттық материал мақалалар, бейне-роликтер, буклеттер түрінде жарияланады. 2023 жылдың 9 айында осындай 14 іс-шара өткізілді.
2023 жылдың 9 айында "е-өтісі" ЭҮП-на өтініш түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
2023 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округ әкімі Е. Әбжанов