GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
01 апреля 2024
Су тасқыны кезеңіндегі халыққа арналған жадынама
26 февраля 2024
Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

Құрметті Аютас ауылдық округінің тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында сағат 10.00-де, Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылыныңдағы Мәдениет үйінің ғимаратында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді. Өз сұрақтарыңызбен Аютас ауылдық округінің әкімі Кәрім М.Ж., округ бойынша учаскелік полицияға жүгіне аласыз, және жеке қабылдауда ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысады.

23 февраля 2024
Өңірде "Қызылжар жастары"жастар ипотекалық бағдарламасы іске қосылуда,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нурмухамбетов халықпен кездесуде өңірде "Қызылжар жастары" жастар ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, бағдарлама 35 жасқа дейінгі солтүстік қазақстандықтарға арналған.

- "Қызылжар жастары"өңірлік жастар ипотекалық бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Біз қаражаттың жартысын жергілікті бюджеттен бөлеміз, - деді Г.Нұрмұхамбетов.

Әлеуметтік салада, құқық қорғау органдарында, энергетика саласында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған бағдарлама 2022 жылы әзірленді және 2023 жылы іске қосылуы тиіс.

Жоспар бойынша, Петропавлда жыл соңына дейін 20 көпқабатты үй салынады, оның ішінде жалға берілетін-коммуналдық үй.

21 февраля 2024
Азаматтарды қабылдау бірыңғай күні
Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары! 
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Сергеевка қаласында, Құлеке батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 1 қабатында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді. Өз сұрақтарыңызбен аудан әкімі Р. Н.Смағұловқа, прокурор Н. Б. Қожановқа, полиция бөлімінің бастығы Р.Н. Мұхамбетжановқа жүгіне аласыз.
Жеке қабылдауды аудан әкімдігінің барлық бөлімдерінің, АЭЖ, «Қазпошта», ветеринариялық инспекция, ветеринариялық станция, СЭС, ЖК «Бочаров», орталық аудандық аурухананың директоры, №6 өрт сөндіру және ТЖ бөлімінің бастығы, Орман шаруашылығы, ЗТМО, «Қазақтелеком», аудандық мәслихаттың төрағасы - К. А. Жанғожинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы-  Т.С. Оразалин, Қоғамдық кеңестің төрағасы – Х.А. Найманов, «AMANAT» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары -Е. П. Кузичева, Сергеевка қ. әкімнің м. а. - Е. М. Ғабдуллин және жолдарға қызмет көрсету мамандары жүргізеді. 
Сұрақтар бойынша 2-12-43 нөміріне хабарласуға болады
20 февраля 2024
Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды

Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.

Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады.

Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.

Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнеше артықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.

Кез келген азамат немесе заңды тұлға авторизациядан кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді - бұл жердің мақсаты мен аумағына байланысты - клиентке келісім-шарт және тіпті қол қою үшін төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді болады.

Бұған дейін Мемлекеттік корпорация онлайн режимінде алуға болатын тағы төрт жер кадастры қызметін цифрландырған болатын.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы