БҰЙРЫҚ
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі-Стандарт) бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиімді іске асыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше және мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімше сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты болып айқындалсын.
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі:
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін стандартпен жазбаша таныстырсын;
Стандарттың мәтіні Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын