2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Арай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

 

 

                                                                                                      

  • 2026-2028 жылдарға арналған
  • Шал ақын ауданы Арай
  • ауылдық округінің
  • бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7, 91-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Құқықытық актілер туралы»                                  Заңының 2 тармағы 27 -бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:    

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Арай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде                2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 58 838  мың теңге:

салықтық түсімдер – 9 878 мың теңге;

салықтық  емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 48 960  мың теңге;

2) шығындар – 58 838 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған Арай ауылдық округінің бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7 тармағы 168-бабына сәйкес, келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

2) Арай ауылдық округінің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

3) Арай ауылдық округінің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

4) мыналардан:

тұрғылықты жері Арай ауылдық округінің аумағындағы жеке тұлғалардан;

          өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері Арай ауылдық округінің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан.

         5) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысынан.

  1. 2026 жылға арналған Арай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция  2 212 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. 2026 жылға арналған Арай ауылдық округінің бюджетіне республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді бөлу «2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының Арай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы»  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы                            

       Шал ақын ауданы

  мәслихатының төрағасы                                                             Қ. Жанғожинов

Об утверждении бюджета сельского округа Арай района Шал акына на 2026-2028 годы рус
Дата публикации
22 декабря 2025