ВАКР нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Талдамалық анықтама
қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде

Арай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 42 өкімі негізінде "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын кезең 2025 жылғы 01 қаңтардан 2025 жылғы 30 маусымға дейін
Талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 01 қаңтардан 30 маусымға дейін.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
1.1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ жүзеге асыратын функциялар аудан әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 137 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің нормаларына сәйкес келеді.

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
Персоналды басқару мәселесі бойынша талдау барысында: 2024 жылы штат саны 7 бірлікті құрады. Нақты саны-7 адам, 2024 жылы ауысым 0 адамды құрады.
2025 жылы бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілген жоқ.
2025 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылды – 3 адам.;
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жоқ;
сотталғандар жоқ.
Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсыру бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, "мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету.
2.3.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы) мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді::
1)"шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну".
2) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.
3)жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
4) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
6) бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату.
7)жер учаскесін алуға кезекке қою.
8) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою.
Қызмет көрсету сапасын бақылау мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау ішінара қағаз түріндегі кеңсе, Мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Өткен кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
кеңсе арқылы қағаз түрінде-0;
ЭҮП арқылы-0; ХҚКО арқылы-4.


2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Әкімдік қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері анықталған жоқ.

2.5. Бақылау функцияларын іске асыру.
2.6. Өзге де мәселелер


Жалпы ұсыныстар:
- Мемлекеттік сатып алуды (немесе өзге де НҚА)өткізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша сабақты тұрақты негізде өткізу

ВАКР нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
28 июля 2025