2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Арай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2025-2027  жылдарға арналған

Шал ақын ауданы  Арай ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:    

        1. 2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданы Арай  ауылдық округінің бюджеті тиісінше  1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде  2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 29 995 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 509 мың теңге;

салықтық  емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 26 486  мың теңге;

2) шығындар – 29 995  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

2. 2025 жылға арналған Арай ауылдық округінің бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 52-1-бабына сәйкес, келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) Арай ауылдық округінің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

2) Арай ауылдық округінің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

3) мыналардан:

тұрғылықты жері Арай ауылдық округінің аумағындағы жеке тұлғалардан;

         өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері Арай ауылдық округінің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан.

               4) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен.

               3. 2025 жылға арналған Арай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция 26 486 мың теңге сомасында белгіленсін.

4. 2025 жылға арналған Арай ауылдық округінің бюджетіне республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді бөлу «2025-2027 жылдарға арналған Шал ақын ауданының Арай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы»  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.

          5. Осы  шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Баспасөз хабарламасы
Дата публикации
27 декабря 2024