«2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданы
Афанасьев ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау
қажеттілігі туралы
түсінікхат
Афанасьев ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 7-бабына, 91-бабына сәйкес бекітіледі.
Афанасьев ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері: Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдары салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлем, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлем
2026 жылға Афанасьев ауылдық округінің бюджетіне түсімнің болжамдық көлемі, салық базасына сәйкес 125 158 мың теңге сомасында анықталды, 2027 жылы – 45 617 мың теңге, 2028 жылы 45 617 мың теңге.
2026 жылға кірістерді бекіту:
101 202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» - 4 708 мың теңге;
104 102 «Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық»- 116 мың теңге;
104 302 «Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы»- 268 мың теңге;
104 402 «Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық»-4 099 мың теңге;
105 315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем» - 18 мың теңге.
Бюджеттің шығыс бөлігін бекіту;
2026 жылға Афанасьев ауылдық округінің бюджет шығыны 125 158 мың теңге сомасында қарастырылуда, 2027 жылы 45 617 мың теңге, 2028 жылы – 45 617 мың теңге.
Жоспарланған кезеңге ағымды шығындардың болжамдық көлемі тұтынушылар қызметі санынан есептелінеді.
«Мемлекеттік бюджет ессебімен қаржыланатын азаматтық қызметкерлер, ұйымдар жұмысшылары еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, еңбек ақы төлеу қоры есебі 17 697 теңге базалық лауазымды еңбекақыны қолданумен жасалған.
2026 жылға әлеуметтік салық 6 % көлемінде есептелген, әлеуметтік сақтандыру – 5%, зейнетақы қорына аударымды 10% алып тастағанда, медициналық сақтандыру – 3%, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары – 3,5%.
2026 жылға шығындарды бекіту:
124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»- 42 217 мың теңге;
124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»- 1 671 мың теңге;
124 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 420 мың теңге;
124 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»- 300 мың теңге;
124 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
550 мың теңге;
124 045 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу-80 000 мың тенге.
Афанасьев ауылдық округінің әкімі Р.Құсайынов