
Ауданда 1 орта мектеп бар. Афанасьевка КММ атындағы орта мектеп, 1987 жылы салынған, типтік ғимарат, жобалық қуаты 240 орын. Қазір мұнда 52 оқушы білім алып, 16 мұғалім жұмыс істейді. Жылыту түрі - автономды, қатты отынмен. 2014 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепте 1 интерактивті тақта, 7 мультимедиялық кабинет бар. Мектепте оқушыларға арналған жылы дәретхана бар. 2023 жылы жылыту қазандығы ауыстырылды. Мектеп кең жолақты интернетке қосылған. Мектепте 15 баланы қамтитын 1 шағын орталық жұмыс істейді. 13 бала қатысады. Мектепте оқушыларға арналған спорт секциялары баскетбол, волейбол, футзал, шаңғы, асық ату, шахмат, дойбы бар . Сондай-ақ үйірмелер бар: ЖЖИ, театр, домбыра.