Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет және спорт салаларындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен «Онлайн-бюджеттік мониторинг және оны дамыту перспективалары» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында бюджет мониторингінің өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңашылдықтар талқыланды.
Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бас бухгалтері қатысты.
«ЛОРД» лицейінде 10–11-сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара қонақтары — «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Базарбаев Болат Касенович және СҚО Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» жастар қанатының жетекшісі Эдилов Дениэл болды.
Кездесу барысында этносаралық келісім, өзара құрмет, толеранттылық, сондай-ақ кемсітушілік пен ұлтаралық араздықты қоздыру әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Жастардың бейбітшілікті сақтаудағы, қоғамдық бірлікті нығайтудағы және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды!
Петропавл қаласында қарт адамдарды қолдау айлығы аясында тыл еңбеккері, бұрынғы педагог, бүгінде қамқорлыққа мұқтаж 89 жастағы Любовь Павловна Жабинаға барып, жағдайын білдік.
Любовь Павловнаны «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Қарашаұлы Оспанов, «Жомарт жан» орталығының төрағасы Убайдулло Мухибович Раджабов және «Ел жастары» СҚО бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы Дариға Смаилова құттықтады.
Қонақтар оған зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және амандық-саулық тіледі.
Мұндай кездесулер аға буын өкілдеріне көңіл бөліп, жылы әрі ізгі ниетті күйде әңгімелесуге мүмкіндік береді.
Қазақстан облысындағы "Қазақстан корейлер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы хан Алексей Евгеньевич Петропавл қаласының "Бірінші гимназия" КММ-де болып, оқушылармен кездесті. Кездесу 26 оқушыны біріктірді.
Әңгімелесу барысында жасөспірімдер үшін ерекше маңызды мәселелер талқыланды: қорқыту, араздық тілі, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге қатысумен байланысты тәуекелдер.
Алексей Евгеньевич этносына, мәдениетіне немесе дәстүрлеріне қарамастан, әр адамның ортақ адами құндылықтары — құрмет, өзара түсіністік және бір-бірін қолдауға дайын екендігін атап өтті. Мұндай кездесулер оқушыларға пайдалы ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді ашық талқылауға көмектеседі.
Қауіпсіз орта бір-біріне мұқият қараудан, Жауапкершіліктен және зиян келтіруі мүмкін нәрсеге уақытында "жоқ" деп айтуға дайын болудан басталады.
Қамқорлық пен қолдауды қажет ететін жандарға көңіл бөлу – этномәдени бірлестіктер мен «Жомарт жан» орталығының көп жылдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүрі.
«Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян этномәдени бірлестігі» төрағасының орынбасары Светлана Малхасян 1 қазанда Татьяна Михайловна Агапованың үйіне барды.
Гүл шоғы, мерекелік азық-түлік себеті мен әдемі орамал – осындай ықылас Татьяна Михайловнаға ерекше қуаныш сыйлады.
Әңгіме барысында ол өз өмірі, көңілін алаңдататын мәселелер мен уайымдары туралы бөлісті. Светлана Степановна Татьяна Михайловнаға зор денсаулық тіледі.
Даналық пен өмірлік тәжірибенің алтын жасына жеткен жандармен кездесулер Қарттарды қолдау айлығы бойы жалғасын табады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ «Бірлік пен келісім – кемел келешек кепілі!» атты облыстық коуч-сессия ұйымдастырды.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесінің» өкілдері, сондай-ақ колледждердің әлеуметтік педагогтары қатысты.
Қатысушылар қазақстандық бірегейлік, қоғамдық келісім, этносаралық өзара іс-қимыл, жастармен жұмыс, медиация және әлеуметтік желілердегі байланыс мәселелерін талқыға салды.
Шақырылған сарапшылар диалогты нығайту, жанжалды жағдайлардың алдын алу және этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру бойынша тәжірибелік ұсыныдармен және тәжірибемен бөлісті.
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Келісім аумағы» атты челлендж-акция өтті. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған іс-шара колледж студенттерін, құқық қорғау органдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерін жинады.
Акция-челлендж барысында қатысушылар нашақорлықтың әлеуметтік проблемасына, діни сауаттылыққа, сондай-ақ этносаралық келісімге апаратын жолдарға қатысты маңызды тақырыптар бойынша мамандардан қызықты әрі өзекті ақпарат алды.
Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ольга Морева өз сөзінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңыздылығына және үйлесімді қоғам құрудағы жастардың рөліне назар аударды.
Петропавл қаласының аға прокуроры Асхат Жұмабеков жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі алдын алу шаралары мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын баса айтып, қылмыстың жастарға кері әсерін көрсететін жанды мысалдар келтірді.
СҚО дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Елизавета Березина «Діни сауаттылық және этносаралық келісім: бейбіт қоғамға апарар жол» тақырыбын ашып, үйлесімді және бейбіт қоғам құрудың негізі ретінде әртүрлі табынушылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызын атады.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Болат Базарбаев түрлі этностық және мәдени топтар арасындағы диалогтың маңыздылығын сөз етті.
Нашақорлық мәселелеріне және «араздық тілінің» алдын алуға ерекше мән берілді, ол жайында Зарина Попова мен Тамара Родная айтты. Спикерлер құрмет пен түсіністік негізінде қарым-қатынас орнатудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.
Мұндай челлендждер жақсы дәстүрге айналуда және бізге алалаушылық пен жанжалдарсыз қоғам құруға көмектеседі. Барлық қатысушыларға келісім мен бейбіт қатар өмір сүру идеясына белсенді қатысып, қолдағаны үшін алғыс айтамыз!
#заңментәртіп
#законипорядок
Петропавл қаласының № 1 орта мектебінде Б.Қ. Базарбаев 10 «Б» сынып оқушыларымен кездесті.
Тақырыбы – этносаралық жанжалдардың алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту.
Кездесу интерактивті форматта өтті. Оқушылар әңгімеге араласты. Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмаларды орындады.
Спикер өздік сыни ойлауды қалыптастырудың маңызын атады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына және этносаралық бірлік пен қоғамдық келісім мәселелерін реттемелеуші басқа да заңдар баса назарға алынды.
Мұндай кездесулер мектепте тұрақты өткізіліп, этносаралық келісімді нығайту мақсатында білім беру, мәдени және қоғамдық бастамаларды іске асыруға бағытталған «Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп» КММ және «Қоғамдық келісім» КММ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындау үлгісі болып табылады.
Е.Р. Аракеловаға кездесуді өткізуге көмектескені үшін алғыс айтамыз
№ 17 ұлттық өркендеу ортамектеп-кешенінде «Радзіма» Солтүстік Қазақстан белорус этно мәдени бірлестігі» ҚБ-мен бірлесе ұйымдастырылған 3-сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу өтті.
Оқушыларға этно мәдени мұражайға экскурсия ұйымдастырылды, онда барлық ұлттық бөлімшелердің қызметі мен таныстыратын көрме ұсынылды. Айта кетсек, мектепте 10 ұлттық бөлімше жұмыс істейді: қазақ, украин, армян, белорус, әзірбайжан, поляк, корей, татар, неміс және шешен.
Балалар түрлі этностардың тілдері,мәдениеті мендәстүрлерініңерекшеліктерінайқындайтын материалдардытамашалады.
Экскурсияны ұлттық бөлімшелер меңгерушісі және неміс бөлімшесінің мұғалімі Кавун Наталья өткізді.Ол балаларға мектепте әр түрлі этностардың тілдерімен мәдениетін үйрену мүмкіндіктері туралы сөз етті.
Кейін «Радзіма» белорус этно мәдени бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко оқушыларға тартымды белорус тілі сабағын өткізді.Балалар ойын және қол жетімді түрде белорус әліпбиімен және тілдің ерекшеліктерімен танысты.
Мұндай кездесулер балаларға әртүрлі этностардың мәдениетін ашуға, ой-өрісін кеңейтуге және Қазақстанның тілдік алуан түрлілігімен қызығушылықпен танысуға болысады.
Ғылыми-сараптамалық топтың төрайымы Сүлейменова Сәуле Қалкенқызы модератор ретінде сөз сөйледі. «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ директоры Жалмұқанова Ләззат Жұмағұлқызы, «Возрождение» Солтүстік Қазақстан немістер этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Кинцель Евгений Юрьевич, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі Смаилова Дариға Өмірқызы іс-шараның спикерлері болды.
Онлайн форматта ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
«Кентрон» Солтүстік Қазақстан армян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Мхоян Залибек Акобович, «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» ҚБ атқарушы директоры Мұсабаева Гүлбахша Нұрмұқанқызы және Медиация кеңесінің мүшесі Базарбаев Болат Қасенұлы өткен сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті.