2024 жылғы 12 қарашада «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер) мен телеарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама орналастырылды.
Осы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен күші жойылған республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес орналастырылды.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия шешім қабылдады: