
2024 жылғы 13-16 тамыз аралығында ҚХА хатшылығы - этносаралық қатынастарды талдау бөлімінің басшысы Б.С. Мұқанованың Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарына сапары өтті.
Іс-сапардың мақсаты - этносаралық ахуалға мониторинг жүргізу, сепаратизмнің, ксенофобия мен ұлтшылдықтың алдын алу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін орналастыру және қолдану.
Іссапар барысында аудан орталықтарына барып, 59 адам қамтылған 8 кездесу өткізілді.
Аудандарды аралау барысында ішкі саясат, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің мамандарымен әдістемелік жұмыс, жұртшылықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, Қазақстанның жұмыс күші артық өңірлерінен келген қоныс аударушылардың және қандастардан әл-ауқатына мониторинг жүргізу, сондай-ақ елді мекендерде мемлекеттік рәміздердің орналасуы мен қолданылуын тексеру іс-шаралар кешені өткізілді.