
«Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ «Азаматтық бастамаларды дамыту» бөлімі Әз - Наурыз мерекесіне орай «Айран Fest» іс-шарасын ұйымдастырды. Аграрлық үйдің фоиесінде өткен бұл шараға барлық сала өкілдері келіп, айран мен бауырсақтан дәм татты. Мақсатымыз ұлттық асымызды дәріптеу, «нан ауыз тию» әдебін еске салу. Түскі үзілістен келген әр қызметкер жұмыс орнына бармас бұрын біз ұсынған астан алып, бір-бірімен таныстып, мерекелерімен құттықтасты. Еліміздің дамуына үлес қосып, әр салада еңбек ететін жандар үшін бұл шара таптырмас кездесу болды. Әуезді ән тыңдап, арнайы дайындалған адал асымыз айранның пайдасы мен жасалу жолы жазылған күнтізбемізді сыйлыққа алды. Қауырт қызметтегі көпшіліктің көңілі серпілді.