
2022 жылдың 24 маусымында облыс әкiмдiгiнiң ғимаратында СҚО ҚХА төрағасының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметовтың қатысуымен Солтүстiк қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өттi.
Iс-шараға этномәдени бiрлестiктердiң, өңiрлiк ассамблеяның құрылымдық бөлiмшелерiнiң төрағалары мен белсендiлерi қатысты.
Жиналғандарға СҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғани Нығыметов сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырудың маңызын атап өттi.
Сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметiнiң өзектi мәселелерi бойынша спикерлер сөз сөйледi.
"Солтүстiк Қазақстан облыстық Әзiрбайжан мәдениетi орталығы" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Шыңғыс Гаджимомед-Оглы этномәдени бiрлестiктердiң қызметi және олардың референдумның дайындық жұмыстары мен өтуiне қатысу жағдайы туралы баяндама жасады.
Жұлдыз Саттарова мұқтаж отбасыларға консультативтiк, психологиялық, әдiстемелiк көмек көрсетуге бағытталған "Бақытты отбасы" бiрегей жобасын iске асыру туралы айтып бердi.
Юлия Родионова бiрнеше тiлдi меңгеру қажеттiлiгi туралы өз ойымен бөлiстi. Сонымен қатар, ол өз тәжiрибесiнен түйiндеген қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн бiлудiң кәсiби қызметтi дамытуға қалай орасан көмектескенiн айтты.
Сессияның ең жас спикерi "Ассамблея жастары"республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң облыстық филиалының белсендiсi Данияр Кудьяров болды. Данияр жастайнан ақ жастар мәслихатының депутаты, "Елбасы медалi" жобасының амбассадоры болып табылады, ол туған жерi Аққайың ауданының, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысының қоғамдық өмiрiне белсендi қатысады. Данияр жастардың болашағы олардың өз қолында екенiн, өйткенi елiмiзде жастардың дамуы мен өзiн-өзi жүзеге асыруы үшiн барлық жағдай жасалғанын нық сенiммен айтты.
Сессия шеңберiнде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарын сайлау өттi, Нәтижесiнде аталмыш орынға басым көпшiлiк дауыспен "Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар ұйымының Солтүстiк Қазақстан филиалының төрағасы Владимир Витченко сайланды.
Сонымен қатар, сессия аясында облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың қолы қойылған Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсiмi өттi, сондай-ақ этномәдени бiрлестiктердiң төрағаларына облыс әкiмiнiң этномәдени бiрлестiктердi дамытуға арналған гранттардың сертификаттары табыс етiлдi.