Футбол бойынша жарыс

Футбол бойынша жарыс

23 маусым күнi сағат 17.00-де Возвышенка ауылының (М.Жұмабаев ауданы) мектеп стадионында NEET санатындағы жастар арасында футболдан жарыс өттi.

Футболдан жарысқа NEET санатындағы жастар өкiлдерi мен М. Жұмабаев ауданының белсендiлерi қатысты.

Iс-шара аясында жастарды қолдауға арналған «Жасыл ел», «Жастар тәжiрибесi», «Дипломмен ауылға!», «Жас кәсiпкерлер», «Бастау Бизнес» мемлекеттiк бағдарламалары түсiндiрiлдi. Iс-шараға қатысушылар ауданның өзектi бос жұмыс орындарымен танысты.

Iс-шараны ұйымдастырушылар барлығын қоғамдық қызметпен айналысуға және Қазақстан Республикасының белсендi азаматтары болуға шақырды.