«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» КММ Солтүстiк Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдары (газеттер, журналдар), теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңiрлiк деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орналастыруды өткiзу туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттер Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 407-кабинет, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» КММ мекен-жайына 2022 жылғы 01 сәуiр сағат 18.00-ге дейiн жiберiледi.
Тапсырысқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттер 2022 жылғы 04 сәуiр сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, облыс әкiмдiгi, 4-қабат, iшкi саясат басқармасы.
Үмiткер құжаттар тiзбесi бар өтiнiмдi өңiрлiк деңгейде ұйымдастырушыға беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде ұсынады және соңғы бетi оның қолымен және мөрiмен (ол болған кезде) куәландырылады, ол ашылғанға дейiн өтiнiмнiң мазмұнын қарауға мүмкiндiк бермейтiн мөрмен (ол болған кезде) бекемделедi, оның беткi жағында толық атауы және (немесе) атауы көрсетiлуге тиiс. үмiткердiң пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн: «ТАПСЫРЫСҚА (тапсырыстың атауын көрсету) АРАСЫНДА (субъектiнiң атауын көрсету)» және «ДЕЙIН АШПАҢЫЗ: (Тапсырысқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнi мен уақытын көрсету)».
Ақпараттық хабарламада көрсетiлген қабылдау мерзiмi өткеннен кейiн жiберiлген өтiнiмдер комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 45-тармағына сәйкес қатысу үшiн республикалық және өңiрлiк деңгейлерде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтiнiм беру қажет. Өтiнiмге республикалық және өңiрлiк деңгейлерде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тiзбесi қоса берiледi.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886 мемлекеттiк ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелерiне сiлтеме
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886 мемлекеттiк ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелерiне сiлтеме
2022 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облысындағы мемлекеттiк ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тiзбесi (Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы):
Тематические линии телеканалы Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области