Меню

Страницы

Статья

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру тұжырымдамасы

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысымен бекітілген, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын іске асыру (бұдан әрі – Тұжырымдама).

Тұжырымдама «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2010 жылғы 19 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі мақұлдаған Қазақстанның Ел бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласына сәйкес әзірленді.

Іс-шараны ұйымдастырушы: ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ (республикалық кезеңі), жергілікті атқарушы органдары, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша) (өңірлік кезеңі).

Өзектілігі: Мемлекеттік тілді жетік білу – бүгінгі күннің талабы, мемлекеттік тілді меңгеру жастардың жан-жақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады, жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» – деп қадап айтқандай, мемлекеттік тіл көпэтносты халқымызды біріктіруге жетелейтін құрал ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуы тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасында да мемлекеттік тілдің біріктіруші фактор ретіндегі рөлін нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының (бұдан әрі – Жоба) мақсаты  түрлі этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларын, жастарын мемлекеттік тілді оқыту процесінде қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына (мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына) баулу арқылы азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Жобаның «мәдени-тілдік ортаға бойлау» бағыты халықаралық тәжірибені ескере отырып құрылған, бұл барлық қатысушыларға мәдени және тілдік ортаға толықтай кірігуге (шығармашылық жобалар мен байқауларға қатысу, мемлекеттік тілде фильмдер көру және т.б.) мүмкіндік береді.

Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда. 2020 жылы Жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде 24870 іс-шара өткізіліп, оған 383 690 адам қатысты. Нәтижесінде 73 472 бала мемлекеттік тілді айтарлықтай жоғары деңгейде меңгеруге қол жеткізді.

Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша жыл сайын мемлекеттік тілді оқытудың «Тіл мектебі» бірегей авторлық инновациялық әдістемелерінің әдіскерлерін, сондай-ақ конкурстардың жеңімпаздарын Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломдарымен және алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапаттау өткізіледі.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыруы барлық ниет білдірушілерге мемлекеттік тілді тереңірек үйренуге мүмкіндік береді.

Жобаның міндеттері:

1) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау мен дамытуды шоғырландырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;

2) мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру;

3) қазақ халқының тілін үйрету, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сіңіру арқылы балалар мен жастардың бойында толерантты қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;

4) этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге және оны күнделікті өмірде қолдануға балалар мен жастарды ынталандыру;

5) әдістемелердің сапасын жетілдіру және сынақтан (апробациялау) өткізу, мемлекеттік тілді оқытудың жаңа форматтарын іздестіру;

6) мемлекеттік тілді білу және қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыру арқылы мектеп оқушылары мен түрлі этностар жастары арасында қазақстандық құндылықтарды ілгерілету.

7) кітап оқу мәдениетін, қазақ әдеби тілі мен қазақ поэзиясын меңгеруге қызығушылықты дарыту;

8) қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау және ынталандыру.

Жобаның мазмұны:

Жобаны іске асыруы екі кезеңмен өтеді:

  • өңірлік;
  • республикалық.

Өңірлік кезеңде жергілікті ерекшеліктерді (этностардың санын, жергілікті халық құрамының біртектілігін, олардың әлеуметтік белсенділігін және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмірге тартылуын) ескере отырып және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты мен міндеттерін іске асыру шеңберінде жеке бағдарламалар әзірлеуге рұқсат етіледі.

Өңірлік деңгейде Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша қорытындылар шығарылады және қатысушылар мен жеңімпаздар (жергілікті ұйымдастырушылардың қалауы бойынша) марапатталады.

Жобаны іске асыру мерзімі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және елордада 2021 жылғы 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі кезеңді қамтиды.

Өңірлік кезеңнің қорытындылары бойынша Жобаны ұйымдастырушылар – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері келесі – республикалық кезеңге «Тіл мектебі», «Өнер алды – қызыл тіл» және «Өнерлі өрге жүзер» конкурстарының жеңімпаздары туралы ақпаратты ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіне жібереді.

Қорытынды республикалық кезеңде жеңімпаздарды (аталған үш номинация бойынша)  бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттау рәсімін өткізіп, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жалпы қорытындысын шығару көзделген.

Жобаның негізгі орындаушылары: ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ (республикалық кезеңі), жергілікті атқарушы органдары, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша) (өңірлік кезеңі).

Жобаның бағдарламасы және іс-шаралары:

1) Қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл мектебі» авторлық бағдарламалары:

- инновациялық әдістемелер кешенін қолдана отырып, қазақстандық этностардың балалары мен жастарына қазақ тілін жеделдетіп оқыту бойынша авторлық бағдарламалар әзірлеу. Оқытушылар жоба аясында мемлекеттік тілді оқытудың жаңа форматтарын іздестіріп, әдістемелердің сапасын жақсарту бағытында жұмыс жүргізеді.

2) «Өнер алды – қызыл тіл» мектебі»:

- өңірлерде қазақ халқының бай әдеби мұрасына, салт-дәстүрлеріне баулу арқылы шешендік өнерді дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік тілде сөйлесу дағдыларын жетілдіруге бағытталған тренингтер мен оқыту курстарын өткізу. Тренингтердің/курстардың соңында өңірлерде «Өнер алды – қызыл тіл» конкурсы өткізіледі (қатысушылар ұлттық костюмдерде өздерін таныстырады, көркем сөз сайысы ұйымдастырылады – 2021 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған көркем шығармаларды жатқа оқиды);

3) «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсы:

- өңірлерде оқушылар арасында вокалистер / домбырашылар конкурсын өткізу;

«Өнер алды – қызыл тіл» және «Өнерлі өрге жүзер» өңірлік конкурстарының қорытындысы бойынша «Қоғамдық келісім» РММ 2021 жылғы ІV тоқсанда өңірлік конкурс жеңімпаздарының қатысуымен бейнеконференция өткізеді.

4) «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойын алаңы:

- өңірлік балабақшаларда, мектептерде және лагерьлерде белсенді демалыспен қоса қазақ тілін түрлі ойындар арқылы үйрету алаңдарын ұйымдастыру, қазақ тілінде ұлттық және спорттық ойындар жарыстарын, конкурстар мен викториналар өткізу. Барлық қатысушылар мәдени-тілдік ортаға толықтай бойлайды: фильмдер мен мультфильмдерді мемлекеттік тілде қарайды, шығармашылық жобалар қорғайды, театрландырылған қойылымдар көрсетеді, конкурстар мен жарыстарға қатысады.

5) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбына қазақ тілінде өтетін эссе конкурсы (тақырыптары: татулық пен келісім, Қазақстан халқының бірлігі). Эссе парақтарының саны 2 беттен аспауы тиіс. Эссе әлеуметтік желілерде (Instagram, фейсбук) #Мыңбала2021 хештегімен жарияланады. Ең көп лүпіл (лайк) жинаған қатысушы жеңімпаз болады.

6) «Қазақстан халқының Тілдері күніне» арналған жалпықазақстандық диктант. Диктант 2021 жылғы қыркүйектің бірінші онкүндігінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және республика астанасында барлық кітапханалар мен оқу орындарында (ЖОО, колледждер, мектептер, мекемелер) бір уақытта (синхронды) өткізіледі. Жалпықазақстандық диктанттың барлық қатысушыларына электрондық сертификаттар беріледі.

 Жобаны іске асыру тетіктері және ресурстық қамтамасыз ету:

жергілікті атқарушы органдары Жоба туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде орналастыруды қамтамасыз етеді, содан кейін қорытынды ақпаратты (Жоба нәтижелерін) ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ  2021 жылғы 15 қарашаға дейін жібереді.

«Қоғамдық келісім» РММ ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2021 жылғы 23 қарашаға дейін жібереді.

Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және бекітілген шегінде жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.

Жоба туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тарату көзделген. Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтында www.assembly.kz «Мың бала» жобасы туралы жаңалықтар, оқытушылармен, қатысушылармен және әріптестермен жүргізілген сұхбаттар орналастырылады.

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

Жобаны іске асыру нәтижелері мынадай болады:

1) түрлі этностардың балалары мен жастарының мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

2) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық рөлін арттыру;

3) балалар мен жастар арасында мемлекеттік тілді үйренуді насихаттайтын волонтерлер санын ұлғайту;

Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
15 июля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Ақпарат
08 октября 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы