2019 жылдың 13 маусымынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ СҚО әкімдігінің «ішкі саясат басқармасы» КММ жанындағы «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ-не қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта өңірде 14 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, оның ішінде: 13 аудандарда және 1 Петропавл қаласында.
2022 жылы Жастар ресурстық орталықтары 1590 іс-шара, оның ішінде онлайн режимде іс-шаралар өткізді. 2023 жылдың 1 тоқсанында 4 мыңнан астам адамды қамтитын 273 іс-шара өткізілді.
Барлық аудандарда кітапханалар базасында коворкинг-орталықтар ашылды, онда жас белсенділердің жұмысын ұйымдастыру, іс-шаралар, семинарлар, тренингтер өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
2023 жылдың басынан бастап Жастар ресурстық орталықтарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 193 адам жүгінді, оның 138-і жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.
Петропавл қаласының оқу орындарының студенттерімен жұмысқа орналастыру шеңберінде жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды («Ұрпақтар келісімшарты», «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Бірінші жұмыс орны») іске асыру туралы ақпараттық кездесулер өткізілді. Қамту 920 адамды құрады. Жастар ресурстық орталықтары 10-нан астам Бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Бос орындар базасы құрылды.
Бөлім базасында өңірлік волонтерлік фронт-офис жұмыс істейді. 14 жастар ресурстық орталығы жанынан еріктілер клубтары ашылды. 2022 жылы облыста волонтерлікті қолдау аясында 2640-тан астам іс-шара өткізілді. Волонтерлік қызметке тартылған жастардың үлесі 35% -. құрады.