Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер
Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (ZIP 50 Kb)
Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидасына 1-қосымша (ZIP 46 Kb)
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша Комитетіне ұйымның қызметі туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде ұсынуы қажет.
Интернет-порталда infonpo.gov.kz ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру Нысаны және ҮЕҰ үшін нұсқаулық орналастырылған.
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.09.2022 № 402 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);
2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі
- Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін электрондық түрде (infonpo.gov.kz) веб-портал арқылы ұсынады.
Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады.
Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі.
Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кейін ұсынылған мәліметтер уақтылы емес болып табылады.
- Уәкілетті органға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер, заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
- Осы Қағидаларда 1-қосымшаның 1-кестесінің I, II және VII бөлімдерінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгертілген мәліметтерді уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры" веб-порталы арқылы электрондық түрде осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және есепті кезең ішінде қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ есепті кезеңнен кейін тіркелген үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына бермейді.
3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі
- Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
- Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.
Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.
Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.
- Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түскен кезден бастап қарай 10 (он) жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады.
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы ұсынған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған сәттен бастап уәкілетті орган оларды дереу пысықтауға жібереді. Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органмен пысықтауға жіберілген өз мәліметтерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде пысықтайды және ҮЕҰ Дерекқорына қайта жібереді.
- Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
- Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.