Меню

Страницы

Статья

Этномәдени бірлестіктер

Облыста жергілікті мемлекеттік органдар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер этносаралық бірлік пен келісімді сақтау және нығайту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Облыста 29 этномәдени бірлестік тіркелген, оның 22-сі аккредиттелген. Құрамында - 1881 мүше. Этномәдени бірлестіктер жанынан 127 үйірме мен шығармашылық клуб жұмыс істейді, оның ішінде: шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер, түрлі бағыттар бойынша үйірмелер, тілдерді оқыту клубтары және т.б.

2023 жылы этномәдени бірлестіктермен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымдарымен 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, оған 5000-нан астам адам қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысында 14 медиация кабинеті бар. Олардың бірі «М.Қозыбаев ат. СҚУ» КЕАҚ негізінде орналасқан, 13 - облыс аудандарында. Медиация рәсімдерін кәсіби және қоғамдық медиаторлар жүзеге асырады. Медиация кабинеттерінде барлығы 20 кәсіби емес медиатор, 6 – кәсіби медиатор жұмыс істейді.

2023 жылдың 1 тоқсанында Ашық есік күнін өткізу тұжырымдамасына сәйкес облыс орталығында және облыс аудандарында азаматтарды қабылдау күндер өткізілді. Кәсіби медиаторлармен бірге қабылдауды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Ж. Ж. Жұмабаев жүргізді. Акция барысында барлығы 100 ден астам адам қабылданды.

Облыс аудандарында 183-тен астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Этномәдени бірлестіктер облыстың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысады. Этномәдени бірлестіктер мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге арналған іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады. Барлық өткізілетін іс-шаралар Қазақстандағы бірлікті қамтамасыз етуге, тұрақтылықты, этносаралық келісімді сақтауға, мемлекеттік органдардың облыстағы этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл тетігін жетілдіруге бағытталған.

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
08 июня 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Ақпарат
08 октября 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы