«Атамекен» Бағдарламасы — әр халықтың сан ғасырлар бойы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдiсiнде қалыптасқан озық тәжiрибелерге негiзделген — адамгершiлiк, парасаттылық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бүгiнгi жас өркеннiң сана-сезiмiне тәлiм-тәрбиелiк әдiстер арқылы жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-тәлiмнамалық тұжырымдама
Негiзгi мiндеттер мен мақсаттар
Өз Отаны мен туған жерiне пайда келтiретiн, Елiнiң гүлденуi мен өркендеуiне үлес қосатын, бiлiмдi, парасатты, жан-жақты дамыған, өз мемлекетiнiң Рәмiздерi мен Ата Заңын, Президентiн, басқа заңдары мен халықтар достығын құрметтейтiн, өз халқының тарихы мен мәдениетiн , тiлiн дiнiн, дiлiн, салт-дәстүрлерiн қастерлейтiн, бойында патриоттық сезiмi бар тұлғаларды тәрбиелеу iсiне ғылыми-әдiстемелiк тұтқа болу. Қазақстан Үкiметiнiң бiлiм мен тәрбие саласындағы күрделi iс-шараларына ұйытқы болу, қолдау көрсету.
Әлемдiк озық тәжiрибелерге негiзделген бiлiм беру жүйесiнiң қалыптасуына ат салысу. Халық педагогикасының озық үлгiлерi мен өркениеттi идеяларын насихаттау және нәтижелеу.
Бағдарлама 1985 жылдан берi мектептегi бұрынғы пионе-комсомол ұйымдарының тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика идеяларын енгiзу мақсатында бiрқатар оқушылар мен ұстаздардың бастамасы негiзiнде бастау алды. Аталмыш үрдiске, Тұжырымдама авторының — ауыл мектебiнде тәлiмгер-мұғалiм, бертiн келе Халықаралық «Артек» лагерiндегi практикалық тәжiрибелерi арқау болған «Атамекен» атты Республикалық оқушылар операциясы (Қазақстан мектебi, № 5, 19916 38-41 бет) ұйытқы болды. Кейiн бұл бастама республика және одан тысқары жерлерде қолдау тауып, бүгiнге дейiн нәтижелi жүзеге асырылып келедi. Бағдарлама көптеген ғылыми мақалаларда, диссертациялық эерттеулерде, дипломдық жұмыстарда, бiрқатар тезистерде көрнiс тауып, практика негiзiнде көптеген мектептердегi тәрбие жұмыстарында кеңiнен қолданылуда.
Негiзгi бағыттар
Салт-дәстүр
Халық тұрмысындағы бесiкке салу, тұсау кесу, құдаласу дәстүрлерi. Тоқым қағар һәм бата-тiлек. Сәлем салты һәм көшпендiлер этикасы. Қаза салты. Қоғам һәм отбасы ғұрыптары. Халықтық һәм дiни мейрам-жоралар. Жаңа заман дәстүрлерi. «Ата Салты» iс-шарасы.
Сөнбес жұлдыздар
Ұлы Дала төсiндегi адамзат өркениетiнде айырықша iз қалдырған алып тұлғалардың ғұмырнамалары. Шығыс ғұламалары һәм данышпан-абыздары. Баһадүрлер, Қағандар һәм жыраулар дәстүрлерi. Қазақ батырлары һәм шешендерi. Өнер, мемлекет, қоғам, ғылым һәм бiлiм қайраткерлерi. «Сөнбес жұлдыздар» атты ойын-сайыс.
Асыл мұра
Ұлттық болмысыздың жұмбақ дүниесiмен ұштасқан этнокөрiнiстер: мазар, мүрде, зират, құлыптас, таңбалы тастар. Көне обалар мен мүсiндер құпиясы. Тас таңбалар мен жазулар. «Қозы Баян» этножорығы.
Домбыра — дастан
Жаратылыстың биотикалық һәм абиотикалық құдыретiн жалғастырушы дәнекер киелi домбыра һәм қобыз һақындағы этномузыкалық аспаптар тарихнамасы. Ән мен күйдiң құпия әсем дыбысы. Саз бен әуен өлшемi һәм таралу жиiлiктерiнiң ареалы. Қазақ күйiнiң эфсанналары Әлем этностарының музыкалық мұралары. «Тәнiр күбiрi» этномузыкалық саз кешi.
Наурыз
Жаратылыстану тарихнамасында ерекше орны бар шығыс халықтарының жаңа жылды тойлау мерекесi. Күн мен түннiң теңелу өрiсiндегi Наурыз рәсiмi. Табиғи өлiара фәлсафасы. Тасаттық, құрбандық шалу рәсiмдерi. Көктеу, жайлау, күздеу һәм қыстау дәстурлерi. Халықтық мереке — думандар мен әлем этностарының мейрамдары. «Наурыз — нама» ойын — сайысы.
Зергер
Кең жаһан жәмиғатының құпия көрiнiсi сәндiк — қолданбалы халық өнерi. Киiз үй һәм шанырақ белгiлерiнiң ғарышнамалық құпиясы. Жиһаздар мен әшекей — бұйымдар. Көшпендi бабаларымыздың аң бейнелi һәм полихромдық өнерлерi. Көрмелер ұйымдастыру. «Алтын Адам» iс-шарасы.
Бабалар өсиетi
Ата-бабалар Аманаты. Өсиет һәм бата-тiлек. Мақал-мәтелдер мен көсемсөздер. Ырым-сырым һәм тыйьм сөздер. Ақыл-нақыл һәм шешендiк сөздер. Сыннама һәм ғибрат. Ұлттық сөздiк қор ойлау һәм сөйлеу мәдениетi. «Балалар» Өсиетi Iс-шарасы.
Достық
Қазақ-түркi тарихнамасы һақында зерттеулер жүргiзген араб, парсы, қытай, орыс һәм европалық ғылымдардың ғұмырнамасы. Қазақстан халықтары және ТМД мемлекеттерiндегi әтностар арасындағы достық байланыс. Бейбiтпiлiк үшiн күрес, Бiрлiктi, татулықты һәм ынтымақтастықты көксеуге бағытталған iс-шаралар. Халықтар достығын нығайту. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. «Достық» iс-шарасы.
Ана тiлi
Көнетүркi, соғды, сақ-гұн һәм Орхон-Енисей руналық жазбалары. Есiк және Пазырық қорғандарындағы протоэтнолингвистикалық мұралар. Тоныкөк, Мойыншор, Күлтеген тас -.сына жазба ескерткiштерi. Көнетүркi иеороглифтерi. «Ұмай Ана» iс-шарасы.