Меню

Страницы

Статья

Тәрбие және білім

Қазақ «Туған жерге туыңды тiк» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталады.

Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы — шексiз зерденiң ғана емес, ғажайып сезiмнiң иесi. Туған жер — әркiмнiң шыр етiп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиеттi мекенi, талай жанның өмiр-бақи тұратын өлкесi. Оны қайда жүрсе де жүрегiнiң түбiнде әлдилеп өтпейтiн жан баласы болмайды.

Туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу — шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi.

Жалпы, «Туған жер» бағдарламасының кiшi бағдарламасының бiрiншiсi «Тәрбие және Бiлiм». Кiшi бағдарлама бойынша 3 базалық жоба: «Өлкетану», «Отаным тағдырым» және «Саналы азамат».

«Өлкетану» базалық жобасы бұл бiлiм беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргiзудi, экологияны жақсартуға және елдi мекендердi абаттандыруға баса мән берудi, жергiлiктi деңгейдегi тарихи ескерткiштер мен мәдени нысандарды қалпына келтiрудi көздейдi. Рухани-құндылық және практикалық бағдар беруде бiлiм алушылардың оқу пәндерi арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ әр түрлi сабақтан тыс факультативтi сабақтар, үйiрмелiк жұмыстар өлкенi тануға ықпал етедi.

Туған жердiң әрбiр сайы мен қырқасы, тауы мен өзенi тарихтан сыр шертедi. Әрбiр жер атауының төркiнi туралы талай-талай аңыздар мен әңгiмелер бар. Әрбiр өлкенiң халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есiмдерi ел есiнде сақталған бiртуар перзенттерi бар. Осының бәрiн жас ұрпақ бiлiп өсуге тиiс. «Туған өлке тарихы» бiлiм беру ұйымдарында факультативтер, арнайы курстар, үйiрмелер бойынша мұражайларға, мәдени-тарихи өлкеге экскурсиялар ұйымдастыру басты жоспарда.

«Отаным — тағдырым» базалық жоба жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты дамытуға, рухани-адамгершiлiк және әлеуметтiк құндылықтарын қалыптастыруға, кәсiби маңызды қасиеттердi және дағдыларды, жұртшылықтың өмiр, қоғам, әртүрлi салаларында белсендi ат салысуға көмектесу. Патриотизмнiң ең жақсы үлгiсi орта мектептерде туған жердiң тарихын танытудан басталады. Қоғамның басты рөлiн тәрбиенiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету, тәрбие мен оқыту және бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейлерiнде түсiнуге көмектеседi. «Отаным тағдырым» деп аты айтып тұрғандай әр оқушыға өз елiнiң патриоты екенiн сезiндiру мақсатында «Алау» патриоттық бағыттағы iс-шараларды жүргiзу; «Тәлiмгер» вожатыйларға және балалар қозғалысын үйлестiрушiлерге лига құру жоспарланып отыр.

«Саналы Азамат» базалық жоба оқушылардың еңбек нарығында кәсiби бағытталған, өзiн-өзi анықтау жағдайында, қызмет аясын таңдау еркiндiгiнде, олардың мүмкiндiктерi, қабiлеттерi мен талаптарын ескере отырып, бiлiм беру барысында оқушыларға болашақ мамандық таңдау үшiн жағдай жасау, кәсiптер мен мамандықтар бойынша ақпараттандыру қажеттiлiгi туралы және кәсiби бiлiм алу мiндеттерiн қамтиды.

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Ақпарат
08 октября 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы