Меню

Страницы

Статья

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), телеарналар, интернет-порталдар арасында аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 407 кабинет, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ 2026 жылғы 23 қантар сағат 17.00-ге дейін қабылданады.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2026 жылғы 26 қантарда сағат 11.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, облыс әкімдігі, 4 қабат, ішкі саясат басқармасы.

Үміткер құжаттардың тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде нөмірленген беттері бар тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, мөрмен (ол болған кезде) бекітілген, өтінімнің мазмұнын ашылғанға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін, оның бет жағында толық атауы және үміткердің пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «ТАПСЫРЫСҚА (Тапсырыс атауын көрсету) арасында (субъектінің атын көрсету) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ: (Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету)».

Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінім беру қажет. Өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349  мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035349  мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме

2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі (Аққайың, Ақжар, Айыртау,    Ғ. Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын, Мамлют аудандары):

Айыртау ауданы тақырыптық бағыттары

Ақжар ауданы тақырыптық бағыттары

Аққайың ауданы тақырыптық бағыттары

Ғ. Мүсiрепов ауданы тақырыптық бағыттары

Есiл ауданы тақырыптық бағыттары

Жамбыл ауданы тақырыптық бағыттары

Қызылжар ауданы тақырыптық бағыттары

М. Жұмабаев ауданы тақырыптық бағыттары

Мамлют ауданы тақырыптық бағыттары

Тайынша ауданы тақырыптық бағыттары

Тайынша ауданы тақырыптық бағыттары

Шал ақын ауданы тақырыптық бағыттары

Уәлиханов ауданы тақырыптық бағыттары

Тимирязев ауданы тақырыптық бағыттары

Дата публикации
09 января 2026
Дата обновления
14 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Ақпарат
08 октября 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы