Меню

Страницы

Статья

2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің 1 отырысы өтті

2025 жылғы 11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің 1 отырысы өтті.

ҮЕҰ Кеңесін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, СҚО ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Жұмағұлов Жүсіп Рахатұлы өткізді.

Кеңес мүшелері, сондай-ақ жастар, ҮЕҰ, СҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, ардагерлер Кеңесі қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. СҚО әкімдігі білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын бейінді қаржыландыру туралы;
  2. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсыну бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы;
  3. Облыста 2025 жылы және 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырутуралы. 

Бірінші мәселе бойынша ақпаратты СҚО әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Н. Протопопова ұсынды.

Екінші және үшінші мәселе бойынша СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы А. Е. Хабибулин баяндама сөзін оқыды.

Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Дата публикации
25 апреля 2025
Дата обновления
25 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Ақпарат
08 октября 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы