«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Петропавл қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), телеарналар, интернет-порталдар арасында қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 407 кабинет, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ 2025 жылғы 11 ақпанда сағат 17.00-ге дейін қабылданады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2025 жылғы 12 ақпанда сағат 11.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, облыс әкімдігі, 4 қабат, ішкі саясат басқармасы.
Үміткер құжаттардың тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде нөмірленген беттері бар тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, мөрмен (ол болған кезде) бекітілген, өтінімнің мазмұнын ашылғанға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін, оның бет жағында толық атауы және үміткердің пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «ТАПСЫРЫСҚА (Тапсырыс атауын көрсету) арасында (субъектінің атын көрсету) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ: (Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету)».
Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінім беру қажет. Өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035349 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі (Петропавл қаласы):
Тем линии газеты г. Петропавловск
Тем линии интернет ресурсы г Петропавловск