«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын интернет-ресурстар арасында қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 407 кабинет, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ 2023 жылғы 17 шілде сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 18 шілдеде сағат 11.00-де келесі мекен-жайы бойынша ашылады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, облыс әкімдігі, 4 қабат, ішкі саясат басқармасы.
Үміткер құжаттардың тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде нөмірленген беттері бар тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, мөрмен (ол болған кезде) бекітілген, өтінімнің мазмұнын ашылғанға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін, оның бет жағында толық атауы және үміткердің пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «ТАПСЫРЫСҚА (Тапсырыс атауын көрсету) арасында (субъектінің атын көрсету) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ: (Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету)».
Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінім беру қажет. Өтінімге республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаларға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі (Петропавл қаласы):