Меню

Страницы

Статья

Шекара маңындағы ынтымақтастық

Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты негізде Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен достық байланыстарды сақтау және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, 2011 жылы гуманитарлық және ұлттық-мәдени салалардағы шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы арасында келісімдер жасалды. Бұл Келісім екі мемлекеттің: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының тығыз достық және тату көршілік қатынастарын жолға қоюға және нығайтуға, сондай-ақ мәдениетінің, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының өзара енуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қорған облысының Орал Халықтары Ассамблеясымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Омбы облысының отандастарымен ынтымақтастық қарым-қатынасты қолдайды.

2017-2019 жылдары "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанға ыстық ыыласпен"кіші жобасы іске асырылды. Бұл жоба Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Кіші жобаның нысаналы көрсеткіштеріне ғылыми-медодикалық семинарлар өткізу, қазақстандық жобаларды шетелде ілгерілету, кәсіби тәжірибе алмасу, ұжымдар арасында жаңа идеялар алмасу, халықты Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеясының қызметіне тарту жатады.

2021 жылғы 22 қазанда "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" КММ "Қоғамдық келісім" КММ мен "Біз-ресейліктер "Ресей халықтарының Жастар Ассамблеясы" жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы өңірлік бөлімшесі арасында жастар саясаты саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, "Ассамблея жастар" РҚБ СҚФ мен "Омбы жастары"Омбы өңірлік жастар қоғамдық қозғалысы арасында жастар саясаты саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2022 жылы Омбы облысының Достық үйі мен Солтүстік Қазақстан облысының "Қоғамдық келісім" КММ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде делегациялармен мәдени алмасу жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары өкілдерінің: дөңгелек үстелдер, конференциялар, акциялар, мерекелік іс-шаралар мен концерттік бағдарламалар, семинарлар, фестивальдар, конкурстар және т. б. нығайтуға және жан-жақты өзара іс-қимылына бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Бірлескен іс-шараларды өткізудің басты мақсаты қазақстандық жобаларды шетелде ілгерілету, шығармашылық ұжымдар арасында кәсіби тәжірибемен, жаңа идеялармен алмасу, қазақстандық мәдениеттің жетістіктері мен үздік үлгілерін, елдің шетелдегі көрікті жерлерінің бай мәдениеті мен географиясын айқындау арқылы елдің танылу дәрежесін кеңейту, қазақстандық қоғамның ұлттық мәдениеті мен бірегейлігін сақтау болып табылады.

Дата публикации
12 июня 2023
Дата обновления
12 июня 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Ақпарат
08 октября 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы