- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі дамыту оның негізгі үш бағытымен қамтамасыз етілуде:
1) «Тұлғалық даму»,
2) «Бір ұлтты қалыптастыру»,
3) «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтың дамуы».
- 2023 жылдың басынан бастап 138 748 адам қамтылған 692 іс-шара өткізілді.
- «Туған жер» арнайы жобасы аясында 120 039 адамның қатысуымен 409 іс-шара өткізілді.
- Меценат-жерлестер есебінен 103 564 адамның қатысуымен жалпы сомасы 227,237 млн. 256 іс-шара өткізіліп, 6 әлеуметтік маңызы бар нысан салынды, 8 нысан қайта жөндеуден өтті.
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» 118 адамды қамтыған 3 іс-шара өткізілді.
- «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы бойынша 3 036 адамды қамтыған 53 іс-шара өткізілді.
- «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша 3 076 адамды қамтыған 78 іс-шара (Ұлы даланың көрнекті тарихи тұлғаларын дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізілді).
2023 жылы «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында 46 ауылда 7,4 млрд. теңгеге 50 жобаны (44-і ағымдағы, 6-ы – игеру) жүзеге асыру жоспарлануда. инженерлік-көлік инфрақұрылымы: 3 сумен жабдықтау және 16 ауылішілік жолдарды жөндеу, әлеуметтік сала: 21 білім беру, 3 денсаулық сақтау, 5 мәдениет, 2 спорт нысаны.
2023 жылдың басынан бастап әлеуметтік желілерде 533-ден астам материал жарияланды.