Облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының алдағы сайлауы, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мерзімдері мен қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ тиісті мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында, қала әкімдігінде 2026 жылғы 14 қазаннан бастап жұмыс күндері 8 (7152) 32-02-03 телефон нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Сонымен қатар қажетті ақпарат қалалық әкімдіктің ресми сайтында орналастырылған.
«Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған, жер учаскелерін бөлуге арналған алаңдарды дайындау шамасына қарай не бос аумақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беруді жүзеге асыратынын хабарлайды.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласының әкімдігі «Солнечный» шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 200 жер учаскесін беруді жоспарлап отыр.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға (№1-ден №200-ге дейінгі кезекте тұрғандар) Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 23, қалалық әкімдік ғимараты, 3 қабат №325 кабинетмекен-жайындағы «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ жүгіну қажет.
Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Қосымша ақпаратты 46-71-58 телефоны арқылы алуға болады.
Мерекелік шараға қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол педагогтердің жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі еңбегін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.
Іс-шара барысында білім саласының үздік қызметкерлері марапатталып, ұстаздарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында «Бейкертон» зауытының алғашқы өндірістік желісі іске қосылды. Жобаға 37 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын ұзақ сақталатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығарады.
Мемлекет басшысы сапалы инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу міндетін қойып отыр. Жаңа өндірістің іске қосылуы — Солтүстік Қазақстан облысындағы осы жұмыстың нақты нәтижесі.
Зауытта Австрия, Германия, Италия, Испания және Франциядан әкелінген жабдықтар орнатылған. Өндірістің жекелеген операцияларын сегіз робот адамның қатысуынсыз орындайды. Кешен екі желіден тұрады. Толық қуатына шыққаннан кейін жылына 15 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. Екінші желі іске қосылған соң 378 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өнім Қазақстан нарығына жеткізіліп, Ресейге, Қырғызстанға және Өзбекстанға экспортталады.
Жалпы, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында 22 қатысушы тіркелген. Олардың жобаларына салынатын инвестиция көлемі 411 млрд теңгеден асады, ал алдағы уақытта шамамен 4,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Мұнда Германия, Италия, Түркия, Ресей, Қытай және басқа да елдердің инвесторлары жұмыс істейді.
Бүгінде 2 көппәтерлі үйге тұрғындар қоныстанды. Жыл соңына дейін тағы 4 үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне бейімделген бір бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Тағы 7 үй жобалану үстінде, олардың құрылысы келесі жылы басталады. Шағын ауданда мектеп салу да жоспарланған.
Жалпы, 2026 жылдың соңына дейін 461 пәтерлік бес көппәтерлі үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде 1,8 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсарта алады.
Копай шағын ауданында жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге есептелген облыстық жедел медициналық көмек станциясы салынып жатыр. Жоба аясында симуляциялық оқу орталығы, санитариялық көліктерге арналған жөндеу және жуу орындары қарастырылған. Қазіргі станция 120 жыл бұрын салынған ғимаратта орналасқан. Сондықтан жаңа нысан өте қажет.
Өзге де медициналық нысандардың құрылысы жалғасуда. Қызылжар ауданының Бескөл ауылында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхананы жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Петропавлда 480 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана салынып жатыр, 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.
Тағы бір маңызды нысан – Уәлиханов көшесіндегі 280 орындық балабақша. Бүгінде құрылыс жұмыстары 90 %-ға аяқталды. Балабақшаны қазан айында ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл шағын аудандағы балабақша орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Прибрежное ауылындағы жол өткелін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл көпір салу және ауыл жағынан жер үйіндісін төсеу жұмыстары жоспарланған. Нысанды толықтай 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.
Қазіргі уақытта Пәтер иелерінің кооперативі мен мүлік иелері бірлестігінің төрағалары қызмет көрсетуші ұйымдармен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді қысқы маусымға дайындау жұмыстарын жүргізуде. Дайындық аясында үйлердің жылу жүйелері жуылып, қысыммен тексерілуде. Сонымен қатар инженерлік желілердің жағдайы тексеріліп, басқа да қажетті жұмыстар атқарылуда.
Қала бойынша барлығы 1 198 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде оның 1112-сі техникалық тұрғыдан жылу қабылдауға дайын.
Күн тәртібінде қаланың энергетикалық кешенінің, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік сала нысандарының 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы қаралды.
Сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша «Айкөмек 109» ситуациялық орталығының жұмысы және орталықты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі негізгі міндеттерді айқындап, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 1 орынды «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның 5-разрядты токарьі Санат Сембаевич Маканов иеленді.
Санат Сембаевичте 23 жыл еңбек өтілі бар, оның 20 жылға жуығы — зауытта. 10 жылдан астам уақыт бойы ол тәлімгерлікпен айналысады, жас жұмысшыларға кәсіби білім мен практикалық тәжірибе беріп, өндіріске бейімделуге және қауіпсіздік талаптарын сақтауға көмектеседі.
«Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша 2 орынды «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның инженер-конструкторы Аслан Русланович Берсанкулов иеленді.
Аз жұмыс өтіліне қарамастан, Аслан Русланович өзін сауатты, бастамашыл және перспективті маман ретінде көрсетті. Ол әскери мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен күш құрылымдарының мұқтаждықтары үшін байланыс аппаратурасын әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыстар тілейміз!
Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.
Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.