
Онлайн кездесу барысында қала басшысы тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап бердi. Оның iшiнде тұрғын үймен қамту мәселесi бар. Одан бөлек, жер мәселесi, суағарларды тазарту, уй аулаларын абаттандыру сұрақтары да сөз болды.
Тұрғындар тарапынан келiп түскен сұрақтардың бiразы бiрден шешiмiн тапты. Қалған сұрақтарды облыс орталығының басшысы жауапты органдарға назарға алуды тапсырды.
Шаһар басшысы тұрғындар тарапынан келiп түскен сұрақтардың барлығы бақылауда болатынын атап өттi.
Естерiңiзге сала кетейiк, қала бойынша тұрғындарға көмек беретiн, ikomek жедел әрекет ету орталығы жұмыс iстейдi. 109 нөмiрi бойынша хабарласып мазалаған сұрақтарыңызға жауап ала-аласыздар.
WhatsApp (8-77-109-109-00) және Instagram-парақша: @ikomek_petropavl